gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанда Ұлттық қор қаражатын қайтарудың жаңа тәртібі қабылданды

4 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қазақстанда Ұлттық қор қаражатын қайтарудың жаңа тәртібі қабылданды
Share on FacebookShare on Twitter
Ұлттық қор қаражаты мақсатсыз пайдаланылған немесе есепті жыл ішінде игерілмеген жағдайда оны қайтарудың жаңа регламенті қабылданды. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы бойынша жүзеге асырылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұған дейін Жоғары аудиорлық палата 2019-2021 жылдар аралығында Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттердің тиімділігіне аудит жүргізген.
Аудит қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне мынадай ұсынымдар берілді:
– қаражат рұқсат етілмеген бағыттарға жұмсалған жағдайда оны қайтару қағидаларын бекіту;
– пайдаланылмаған қаражатты қайтару мерзімі мен тәртібін нақтылау үшін тиісті қаулыға өзгерістер енгізу;
– нысаналы мақсатта пайдаланылғаннан кейін қайта қолдануға жол бермеу үшін бюджеттік кредиттер мен облигациялық қарыздар түрінде берілген қаражатты қайтару механизмін әзірлеу.
Нәтижесінде Бюджет кодексіне қажетті түзетулер енгізілді.
Биыл 2 шілдеде Ұлттық қормен жұмыс тәртібін жаңартатын Үкімет қаулысы қабылданды.
Сонымен қатар Қаржы министрлігі 2025 жылға арналған бірқатар бұйрық шығарды, атап айтқанда: бюджетті атқару және оның кассалық қызмет көрсету қағидалары; қазынашылық атқару және есепке алу рәсімдері; Бірыңғай бюджеттік сыныптама; бюджет түсімдерін әртүрлі деңгейдегі бюджеттер, Ұлттық қор шоттары, бюджеттен тыс қорлар және ЕАЭО елдерінің бюджеттері арасында бөлу тәртібі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне баса назар аударады. Президенттің тапсырмасы бойынша биыл Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссияның жұмысы қайта ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта бұл Комиссия Жоғары аудиторлық палатаның жанында жұмыс істейді. Комиссияның жұмыс форматы мен құрамы Мемлекет басшысы қойған өзекті міндеттерді ескере отырып жаңартылды.
Previous Post

Арыс қаласындағы Жиделі ауылына табиғи газ жеткізілді

Next Post

Жолаушы аз, шығын көп: Түркістандағы әуежай сенімгерлік басқаруға беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz