gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 560 мыңнан астам оқушы білім алады

4 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 560 мыңнан астам оқушы білім алады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында 2025-2026 жаңа оқу жылында 560 мыңнан астам оқушы мектеп партасына отырады деп жоспарланып отыр. Бүгінде облыстағы білім беру ұйымдарының оқу жылына дайындығы қызу жүріп жатыр. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде кеңінен талқыланды.

Өңір басшысы Нұралхан Көшеров білім нысандарының дайындығына айрықша назар аударып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

– Құрылысы және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептер 1 қыркүйекке дейін толықтай пайдалануға берілуі тиіс. Жұмыс қарқынын күшейтіп, сапаға баса мән беру қажет. Сондай-ақ білім ұяларын жылыту маусымына дайындау, қажетті қатты және сұйық отынмен қамтамасыз ету жұмыстары да уақытылы әрі толық орындалуы тиіс, – деді облыс әкімі.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Орыновтың мәліметінше, өткен оқу жылында облыс аумағында 1093 мектеп жұмыс істеген. Оның 922-сі мемлекеттік, 171-і жекеменшік білім беру ұйымдары. Биыл «Келешек мектептері» жобасы мен жаңа құрылыстар есебінен мемлекеттік мектеп саны 13-ке артып, 935-ке жетеді.

Жаңа оқу жылында 1-11 сынып аралығында шамамен 568 мың оқушы білім алады деп күтілуде. 1-сыныпқа 48 мыңнан астам оқушыны қабылдау жоспарланса, қазіргі таңда 32 893 бала тіркелген.

«Келешек мектептері» жобасы аясында 29 мектептің 13-і пайдалануға берілген. Олардың 9-ында оқу процесі басталып, 7 694 оқушы қамтылған. Тағы 4 мектеп биылғы жаңа оқу жылында есігін ашады. 1–30 тамыз аралығында қосымша 16 жаңа мектеп іске қосылады.

Облыстағы мектептерді жаңғырту жобасы да кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жоспар бойынша 2025 жылға дейін 115 мектеп, оның ішінде 41 білім ұясы жөндеуден өтеді. Биыл 6 мектепке күрделі, 15 мектепке ағымдағы жөндеу жүргізіліп, пайдалануға беріледі. Қалған 20 нысанның жөндеу жұмыстары 2026 жылға өтпелі.

Бүгінде облыстағы мемлекеттік мектептердің 798-і типтік, 124-і ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан. Облыстық бюджет есебінен 17 жаңа білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 11 мектеп, 1 колледж жатақханасы және 5 қосымша білім беру ұйымы бар. Биыл олардың 4-еуі пайдалануға берілсе, қалған 13 нысан 2026 жылға өтпелі.

Сондай-ақ, облыста 110 білім нысанының ағымдағы жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттар әзірленіп, мердігерлер анықталған. Жалпы, облыс бойынша 1256 білім беру мекемесін (мектеп, балабақша, қосымша білім ұйымдары) жылыту маусымына дайындау мақсатында гидравликалық сығымдау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда бұл жұмыстардың 77 пайызы аяқталған.

378 мектепке қажетті 60,5 мың тонна көмір сатып алу бойынша да мердігерлермен келісімшарт жасалған. Сонымен қатар облыстағы 831 білім беру мекемесі табиғи газбен жылытылады.

Previous Post

Жолаушы аз, шығын көп: Түркістандағы әуежай сенімгерлік басқаруға беріледі

Next Post

Түркістан облысында 74 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz