gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 74 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

4 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында 74 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
Share on FacebookShare on Twitter

2025 жылдың басынан бері Түркістан облысында 74 мыңнан астам тұрғын жұмысқа орналасты. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжіліс барысында мәлім болды.

Жиынға облыстық басқармалар мен «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің басшылары, сала мамандары қатысты. Басқосуда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар жайлы ақпарат берді. Ал басқарма басшысының орынбасары Алмас Әбдіқадыров мәліметінше, биыл өңірде 130 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның 74 мыңнан астамы нақты іске асқан. Атап айтқанда, 35 812 адам тұрақты, 38 215 адам уақытша субсидияланған жұмыс орындарына орналасқан.

Сондай-ақ, ұлттық жобалар аясында 2 700-ден астам азамат еңбекке тартылса, жеке инвестициялық жобалар арқылы 1400-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Бұл жобалар негізінен құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында жүзеге асырылуда.

– Халықты жұмыспен қамту – бұл жай ғана статистика үшін орындалатын міндет емес. Ең бастысы – әрбір азаматтың нақты табысы, кәсіби дамуы мен тұрақты еңбекке орналасуы. Әсіресе, жастар мен әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс, – деді жиынды қорытындылаған Бейсенбай Дәулетұлы.

Сонымен қатар, өңірде «10 мың тұрғынға – 100 жұмыс орны» жобасы аясында 8300-ден астам жаңа жұмыс орны ұсынылған. Бұл бастама ауылдық жерлердегі жұмыссыздықты азайтуға бағытталып отыр.

Биыл облыста жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылатын 125 жобаның 88-і іске қосылып, нәтижесінде 1398 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және туризм салаларын қамтиды.

Жиын барысында кәсіпкерлік бастамаларға көрсетіліп жатқан қолдау жайы да айтылды. Жыл басынан бері 859 адам мемлекеттік қайтарымсыз грант иеленген. Олардың ішінде 40-қа жуық азамат – пробация есебінде тұрған тұлғалар.

Облыс басшылығы еңбек нарығындағы оң өзгерістерді одан әрі жандандырып, жұмыспен қамтудың тиімді тетіктерін жетілдіруді көздеп отыр.

Previous Post

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 560 мыңнан астам оқушы білім алады

Next Post

Кентауда медиация күніне орай «Ашық есік» күні өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz