gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда медиация күніне орай «Ашық есік» күні өтті

5 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда медиация күніне орай «Ашық есік» күні өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда әрқашан ел бірлігі, татулық және қоғамдағы тұрақтылық басты құндылық болып келеді. Осы мақсатқа жетудің тиімді құралдарының бірі – медиация, яғни дауларды соттан тыс реттеу және дауласушы тараптарды татуластыру. Медиацияның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық мәселелерін бейбіт жолмен шешу, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, отбасы мен әлеуметтік қатынастардағы татулық пен достықты нығайту, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамыту.

Осы бағыттағы маңызды қадам ретінде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалы Медиация күні аясында «Ашық есік күні» республикалық акциясын ұйымдастырды. Бұл іс-шара қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті, этносаралық татулықты, азаматтық мәдениетті нығайтуға бағытталған маңызды оқиға болды.

Шара барысында Кентау қалалық Қазақстан халқы Ассамблесы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Жанат Таукеева «Азаматтық қоғам – тұрақтылық пен бірліктің кепілі» тақырыбында жеке қабылдау жүргізді. Қабылдауға келген тұрғындар медиация және қолданыстағы заңдар аясында кеңес алып, өз құқықтары мен міндеттерін нақты түсінді.

Медиатор Жанат Таукеева өз сөзінде іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

– «Медиация – тек дауды шешудің жолы ғана емес. Бұл – қоғамдағы татулық пен достықты, ел бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды құрал. Азаматтар өз дауларын бейбіт жолмен шешкенде ғана тұрақты қоғам қалыптасады. Ел бірлігі мен татулық – әрбір отбасының, әрбір азаматтың жауапкершілігінде», – деді ол.

Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындарға медиациялық құқықтық көмек көрсету, құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтарды бейбіт келісімге жетелеу, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау болып табылады. Сонымен қатар, шара қоғамдағы достық пен татулықты, халық арасындағы сенімділікті, тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.

Қабылдауға келген тұрғындар өз мәселелерін мамандарға жеткізіп, бейбіт жолмен келісімге келудің тиімділігін тәжірибеде көрді. Медиаторлар азаматтарға даулы жағдайларды қалай заң аясында шешуге болатынын түсіндіріп, олардың құқықтық мәдениетін арттыруға үлес қосты.

Жанат Тәукеева тұрғындарға құқықтық тұрғыда кеңес беріп, қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау жолындағы медиацияның маңыздылығын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, медиация – қоғамдағы сенім мен достықты, бірлікті күшейтудің тиімді және нәтижелі құралы.

Бұл іс-шара Кентау қаласындағы азаматтар мен қоғам арасындағы байланысты күшейтіп, тұрақтылық пен татулықты қамтамасыз етуде маңызды қадам болды. Сонымен қатар, тұрғындар азаматтық қоғамға белсенді қатысу, заңға бағыну және бірлікті сақтау бағытындағы міндеттерін түсінді.

Previous Post

Түркістан облысында 74 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

Next Post

Түркістан облысында жүзеге асатын жаңа сәулеттік жобалар талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz