gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келес ауданында 3 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылады

11 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келес ауданында 3 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылады
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданының Ұшқын ауылдық округіне қарасты Достық және Қоралас елді мекендерін табиғи газбен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жобаға сараптаманың оң қорытындысы беріліп, жобалық-сметалық құжаттаманы «МК Проект» ЖШС әзірлеген.

Өткен жылы мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде «Ремстрой» ЖШС мердігер болып анықталып, бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары қарқын алған. Қаржыландыру жоспарына сәйкес, құрылыс биылғы жылдың төртінші тоқсанында толық аяқталады деп күтілуде.

Жоба іске қосылғанда 445 тұрғын үй немесе 3308 тұрғын тұрақты әрі сапалы табиғи газбен қамтылады. Бұл тек екі елді мекеннің ғана емес, жаңадан берілген тұрғын үйлердің де өмір сапасын едәуір арттырмақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында халықты табиғи газбен қамту мәселесіне айрықша назар аударып келеді. Президенттің айтуынша, «Газдандыру – халықтың тұрмысын жақсартатын және экологияны сауықтыратын маңызды қадам. Әрбір қазақстандықтың үйіне сапалы отын жеткізу – мемлекет алдындағы басты міндеттердің бірі». Бұл бағыттағы жұмыстар елдің барлық өңірінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

Келес ауданындағы газдандыру жобасы да – сол стратегиялық міндеттің бір көрінісі. Жергілікті әкімдік пен мердігер ұйымдардың айтуынша, құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталып, тұрғындар биылғы жылдың соңында көгілдір отынды пайдалана бастайды.

Газ жүйесіне қосылу ауыл халқы үшін тұрмыстық жағдайды жақсартып қана қоймай, көмір мен басқа да қатты отын түрлеріне тәуелділікті азайтып, экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң ықпал ететін маңызды қадам.

Previous Post

«Таза Қазақстан»: Түркістан облысында тазалық талаптарын бұзғандарға 20 мыңнан аса хаттама толтырылды

Next Post

Сауранында өткен тазалық шарасына 300-ге жуық адам қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz