gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Таза Қазақстан: Қазығұртта еңбек адамдарын қолдау мақсатында жаңа техникалар табысталды

15 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Таза Қазақстан: Қазығұртта еңбек адамдарын қолдау мақсатында жаңа техникалар табысталды
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында әрдайым еңбек адамын қолдаудың, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартудың маңызына тоқталып келеді. Мемлекет басшысының айтуынша, «елдің еңсесін көтеріп, халықтың тұрмысын жақсартатын – қарапайым жұмысшылардың еңбегі. Еңбек адамының мәртебесін арттыру – біздің басты міндетіміз». Осыған орай елімізде түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып, ауыл-аймақтарда әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілуде.

Соның айқын көрінісі ретінде Қазығұрт ауданында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында және «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасын сапалы жүзеге асыру бағытында маңызды іс-шара өтті. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов «Таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының еңбеккерлеріне заманауи техникалардың жаңа топтамасын салтанатты түрде табыстады.

Атап айтқанда, коммуналдық мекеме қызметкерлерінің пайдалануына 8 дана трактор, 8 дана трактор тіркемесі, 1 дана КАМАЗ жүк көлігі, 1 дана шөп шапқыш және 1 дана фронталды жүккөтергіш тапсырылды. Бұл техникалар алдағы уақытта аудан көлемінде санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізуге, көше-жолдарды күтіп ұстауға, қоқыс шығару ісін тиімді ұйымдастыруға, сондай-ақ абаттандыру және көгалдандыру шараларын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Азизхан Исмаилов жаңа техникалардың еңбеккерлердің жұмыс өнімділігін арттыруға зор үлес қосатынын атап өтті. «Бүгін табысталып отырған техникалар сіздердің еңбектеріңізді жеңілдетіп қана қоймай, ауданымыздың тазалығы мен көркеюіне қызмет ететін болады. Бұл – елді мекендердің ажарын ашып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадам», – деді аудан басшысы.

Жаңа техникалардың қолданысқа берілуі Қазығұрт ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға, экологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл бастама «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды шара болып отыр.

Previous Post

Түркістан облысында ағын су мәселесі қатаң бақылауға алынды

Next Post

Түркістан облысында аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуы жаңа деңгейге шығады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz