gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шардара ауданында ауқымды сенбілік өтті

24 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Шардара ауданында ауқымды сенбілік өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Қоршаған ортаны қорғау – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған Жолдауларында табиғатты аялау, экологиялық ахуалды жақсарту және қалалар мен ауылдардың тазалығын сақтауды мемлекеттік деңгейдегі басым бағыттар қатарына енгізген болатын. Президент: «Таза әрі жасыл Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы басты борышымыз», – деп атап көрсеткені баршаға белгілі.

Осыған орай, еліміздің барлық аймақтарында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған нақты істер қолға алынуда. Соның айқын бір көрінісі ретінде Шардара ауданында өткен ауқымды сенбілікті айтуға болады. «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған тазалық шарасы аудан әкімі Арман Қарсыбаев бекіткен 2025 жылға арналған экологиялық жоспардың маңызды тармақтарының бірі болып табылады.

Сенбілікке қала тұрғындары ғана емес, ауылдық округтердің белсенді жастары, еңбек ұжымдары, түрлі саладағы мемлекеттік қызметкерлер түгелдей атсалысты. Таңертеңгілік басталған игі шара аясында Шардара қаласы мен 10 ауылдық округтің ішкі көшелері, әлеуметтік нысандардың маңы, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойы тазартылып, қураған шөптер орып алынды. Сондай-ақ бей-берекет шашылған тұрмыстық қалдықтар жиналып, арнайы полигондарға жеткізілді.

«Тазалық – денсаулық кепілі» деген халық даналығын ұстанған жұртшылық сенбілікті жоғары ұйымшылдықпен өткізді. Көптеген ауылдарда жергілікті тұрғындар өз еркімен қосылып, үй маңайын, арық-атыздарды да ретке келтірді. Бұл – ауылдағы экологиялық мәдениеттің артып келе жатқанының айғағы.

Аудан басшылығы мұндай сенбіліктер бір реттік шара емес екенін айрықша атап өтті. Алдағы уақытта санитарлық-тазалық жұмыстары жүйелі түрде өткізіліп, апта сайын жалғасын табатын болады. Бұл бастаманың түпкі мақсаты – табиғатты қорғап қана қоймай, әрбір азаматтың бойында экологиялық жауапкершілік қалыптастыру.

Шардара өңірі – тек қана ауыл шаруашылығымен емес, әсем табиғатымен де ерекшеленетін аймақ. Шардара су қоймасы, жағажай аумақтары мен демалыс орындары жылдан-жылға туристер назарын аудара түсуде. Сондықтан табиғи ортаны қорғау, жасыл белдеулерді сақтау, көшелерді абаттандыру – тек аудан әкімдігі мен мекемелердің ғана емес, барша тұрғындардың ортақ парызы.

Previous Post

Түркістан облысында мемлекеттік қолдау аясында сауда инфрақұрылымын дамытуға 3,4 млрд теңге тартылды

Next Post

«Таза Қазақстан»: Сарыағашта жалпыаудандық сенбілік өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz