gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауранда әлеуметтік-экономикалық даму жоспары талқыланды

22 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сауранда әлеуметтік-экономикалық даму жоспары талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Сауран ауданына барып, аймақ активімен кездесті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланып, өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдары талқыланды.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров есепті баяндама жасап, негізгі бағыттар мен атқарылған жұмыстарға тоқталды. Басқарма басшыларының ұсыныстары тыңдалып, өндірісті, инвестиция саласын, ауыл шаруашылығын, туризмді және өзге де бағыттарды дамытуға қатысты нақты міндеттер белгіленді.

Сауран ауданы соңғы жылдары даму қарқынын үдетіп келеді. Ауданның жалпы өңірлік өнімі 36,9 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 43,6 пайызға артқан. Негізгі салалар – ауыл шаруашылығы (40%), өнеркәсіп (35%), құрылыс (19%) және сауда (6%). Жыл соңына дейін 135 млрд теңгенің өнімі өндірілмек.

– Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті, инфрақұрылымды дамыту тоқтамау керек. Сауран ауданының әлеуетін толық пайдалана отырып, тұрғындар үшін барлық жағдай жасауымыз қажет. Қаржылық сауаттылықты арттырып, орта кәсіпті дамыту – басты міндеттің бірі, – деді облыс әкімі.

Аудан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 29,5 млрд теңгеге жеткен. Шаға өндірістік аймағында 10 кәсіпорын іске қосылып, 500-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жыл соңына дейін 254 жоба жүзеге асырылып, 4 162 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Облыс әкімі көрсеткіштерді оң бағалай отырып, жұмысты одан әрі жандандыру қажеттігін атап өтті:
– Экономиканы әртараптандыру, инвестициялық жобаларды сапалы әрі уақтылы жүзеге асыру – басты міндет. Әкімдер мен басқарма басшыларына салғырттыққа жол берілмеуі тиіс, – деді ол.

Сауран ауданында туризм саласы да ерекше назарда. Биылғы жеті айда өңірге 65 мыңнан астам турист келген. Сауран қалашығы, Үкаша ата мен Жүсіп ата кесенелері ең көп баратын нысандардың қатарында. Бұл бағытта 3,8 млрд теңге инвестиция тартылып, жеті туристік нысанның құрылысы жүргізілуде. Ақсу шатқалында экотуризмді дамытуға бағытталған жобалар қолға алынған.

Инфрақұрылым да кезең-кезеңімен шешімін табуда. Құрылыс көлемі 5,4 млрд теңгеге жетіп, 29,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Жеті елді мекенге ауыз су желілері тартылып жатыр. Газдандыру деңгейі 43,3 пайызға жеткен.

Ауыл шаруашылығы саласында да оң өзгерістер бар. Жеті айда 18 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 114,3 пайыз өсім байқалды. 45 493 гектар алқапқа егін егілді. Қарбыз, қауын және көкөніс өнімдері Ресей мен Беларусь елдеріне экспортталуда.

Кәсіпкерлік саласында сүт зауыты мен тері өңдеу өндірісі сынды серпінді жобалар жүзеге асырылмақ. Бұл бастамаларға мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие қарастырылған.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Нұралхан Көшеров аудан әкімдігі мен басқармаларға нақты тапсырмалар жүктеп, халықтың әл-ауқатын арттыруды басты міндет ретінде атап өтті.

Сауран – тарих пен бүгінді жалғап тұрған қасиетті мекен. Бүгінгі қарқынды даму – ертеңгі өркендеудің кепілі. Аймақтың әлеуетін дұрыс пайдаланып, елдің игілігіне бағыттау – уақыт талабы.

Previous Post

«Әлеуметтік бақша»: Сауранда жаңа жоба іске асты

Next Post

Түркістан облысында мемлекеттік қолдау аясында сауда инфрақұрылымын дамытуға 3,4 млрд теңге тартылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz