gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Әлеуметтік бақша»: Сауранда жаңа жоба іске асты

22 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Әлеуметтік бақша»: Сауранда жаңа жоба іске асты
Share on FacebookShare on Twitter

Қоғамның басты байлығы – адам. Ал халықтың тұрмысын жақсарту – мемлекет саясатының ең өзекті бағыты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында үнемі әлеуметтік қолдау шараларына ерекше тоқталып келеді. Осыған орай Түркістан облысында тың бастамалар жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі – Сауран ауданында ашылған «Әлеуметтік бақша» жобасы.

Бұл жоба аз қамтылған отбасыларды қолдауға және ауыл тұрғындарының өзін-өзі жұмыспен қамтуына мүмкіндік бермек. Арнайы әлеуметтік дүкендерде зейнеткерлер, көпбалалы аналар және мұқтаж жандар өз өнімдерін еш ақысыз сата алады. Сөрелерден жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, сүт пен үй тағамдарын, қол еңбегімен дайындалған экологиялық таза өнімдерді кездестіруге болады.

Жаңа дүкендерді облыс әкімі Нұралхан Көшеров те барып көріп, тұрғындармен тілдесті.
– «Бұл – жай ғана сауда орны емес. Бұл – өмірдің қиын жағдайына қарамастан, өз еңбегімен табыс табуға ұмтылған жандарға қолдау көрсететін алаң. Мұндай бастамалар басқа аудандарға да үлгі болады», – деді өңір басшысы.

Жоба аясында аудан орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі де ұйымдастырылды. Мұнда жергілікті шаруалардың өнімдерімен қатар мемлекеттік грант алып, кәсіп бастаған жастардың тауарлары да ұсынылды. Бұл шара жастарға дем беріп қана қоймай, нарықты сапалы отандық өнімдермен толықтыруға да септігін тигізді.

Саурандықтар жаңа жобаны жылы қабылдады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл – тұрмысы төмен жандарға үлкен көмек әрі адал еңбекпен табыс табуға берілген мүмкіндік.

Previous Post

Созақ ауданында әлеуметтік инфрақұрылым жаңарып келеді

Next Post

Сауранда әлеуметтік-экономикалық даму жоспары талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz