gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Той – тек думан емес, ел бірлігі мен имани тәрбие алаңы

17 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Той – тек думан емес, ел бірлігі мен имани тәрбие алаңы
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақ халқы үшін той – думан емес, дүние тіршілігінің мәні мен сәні. Бұл – ұлттың ұлағаты мен руханияты көрінетін үлкен сахна. Бірақ соңғы кездері сол сахнаның мазмұны әлсіреп, күлкі даңғазаға, сөз мазаққа, дәстүр шоуға айналып бара жатқан жоқ па деген ой мазалайды.

Өңірімізге белгілі асаба, той өнерін табыс емес, тәрбие мен рухани сабақ деп білетін Берік Әлібаев осы мәселені жиі қозғайды. Оның айтуынша, қазір той иелерінің ең алдымен қоятын сұрағы – «қандай ойын ойнатасыз?» екен.

-Жұрт әсем сөз бен өнегелі өсиетке емес, қызық іздеп, «сайқы-мазақ» сұрайды. Бұл үрдіс ұлттық болмыстың ғана емес, ел бірлігінің де әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Асабаның аузынан шыққан әр сөз – елдің құлағына жететін үн, жастардың санасына енетін үлгі болуы тиіс. Бірақ, өкінішке қарай, бүгінде асаба болуды микрофон ұстаумен ғана шектейтіндер көп. Ал шын мәнінде, бұл – үлкен жауапкершілік, дейді асаба.

Берік Әлібаевтың өзі 20 жылдан астам уақыт бойы асабалықты кәсіп емес, халық алдындағы рухани қызмет деп түсініп келеді.

-Біз асабалыққа алғаш келгенімізде кітап оқыңдар, сөзің терең болсын дейтін. Ал қазір асабалардың көбі кітаптан гөрі әлеуметтік желіні бағдар етеді. Соның салдары болса керек, кейбір тойлар мәнсіз күлкіге, дарақылыққа, жат әрекеттерге толып кетіп жүр, – дейді ол.

Бүгінде екінің бірі асаба. Еңбек кодексінде «асаба» деген мамандық жоқ, микрофон ұстауға ешкім тыйым салмайды. Содан болар, той жүргізетіндер көп. Бірақ сөзіне ел ұйып, өнегесін тыңдайтын асаба сирек. Кейбірі миллиондап ақы алса да, айтқан әзілдері мен ойнатқан ойындарының мәні көтерерлік болмайды.

-Асабалардың бас қосатын сәттері болғанымен, ортақ ереже, жүйелі бағыт жоқ. Білікті, тәрбиелі асабалар жастарға ақыл айтқанымен, халықтың сұранысы жеңіп кетеді. «Қандай сұраныс болса – тойдың сипаты да сондай, – дейді Берік Әлібаев.

Оның айтуынша, кейде тойда билеп жүрген ата-әжелерді көріп ұялады.

-Қария – елдің ұяты, ұрпақтың үлгісі. Ақ жаулықты әженің ортада би билеп жүргені – күлкі емес, намысқа тиетін көрініс, – дейді ол.

Дегенмен, тойдан бас тарту мүмкін емес. Той – қазақтың қуанышы, елді ұйыстыратын, береке-бірлікті бекемдейтін алаң. Бірақ оның тәрбиелік мазмұнын күшейту қажет. Осы бағытта Берік Әлібаев ұлттық ойындарды қайта жаңғыртып жүр: ләңгі, арқан тарту, асық ату секілді ойындарды тойға енгізіп, жастарға үлгі көрсетеді. Бұл – ұмыт бола бастаған құндылықтарды қайта тірілтіп, қазақы рухты күшейтудің бір жолы.

Асаба әрбір тойға ерекше дайындықпен келуі тиіс. Тойды табыс көзі емес, ел алдына шығатын мінбер, ұлттың айнасы деп түсінгенде ғана оның мәні артады. Себебі тойда айтылған әр сөз, жасалған әр қадам жастарға өнеге, дәстүр мен дінге құрметтің көрінісі болып қала береді.

-Қазақ тойына жаңа леп, жаңаша мазмұн қажет. Бірақ ол шетелдік шоу үлгісінен емес, өзіміздің дәстүрімізден, ұлттық болмысымыздан, имани ұстанымымыздан келуі тиіс. Той – елдің мәдениет айнасы. Тойымыз қандай болса, қоғамымыз да сондай болмақ. Сондықтан бізге қажеті – даңғаза емес, дәстүр, тентектік емес, тәлім. Ұятты күлкіге айналдыру емес, күлкінің өзінен ғибрат қалдыру. Сонда ғана той – елдің тұтастығына, діни тұрақтылық пен рухани байлыққа қызмет ететін нағыз құндылыққа айналады, — деп  санайды Берік Әлібаев.

Previous Post

Қазығұртта «Таза Қазақстан» акциясы аясында бүкілхалықтық сенбілік өтті

Next Post

Таза Қазақстан: Сайрам ауданында сенбіліктер мен экологиялық іс-шараларға қатысқан тұрғындар саны 180 мыңнан асты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz