gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Таза Қазақстан: Сайрам ауданында сенбіліктер мен экологиялық іс-шараларға қатысқан тұрғындар саны 180 мыңнан асты

17 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Таза Қазақстан: Сайрам ауданында сенбіліктер мен экологиялық іс-шараларға қатысқан тұрғындар саны 180 мыңнан асты
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде табиғатты қорғау мен қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған кешенді шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен жүргізіліп келеді. Президент Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында: «Таза табиғат – халқымыздың саулығы мен ұлт болашағының кепілі. Біз қоршаған ортаны қорғауға, табиғатқа ұқыппен қарауға ұлт ретінде жауаптымыз» деп атап өткен болатын. Осы ұстанымға сай қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бүгінде кең көлемде жүзеге асырылып, бүкіл халықты ортақ іске жұмылдырған үлкен қозғалысқа айналды.

Бұл игі бастамаға белсенді түрде үн қосқан өңірлердің бірі – Сайрам ауданы. Аудан аумағында экологияны қорғау, абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Акция аясындағы барлық шаралар, яғни экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және келер ұрпаққа таза табиғи орта қалдыру мақсатын көздейді.

«Таза Қазақстан» акциясы Сайрам ауданында аудан әкімінің тікелей тапсырмасымен және ұйымдастыруымен кең ауқымда жүргізілуде. Бұл акцияға Сайрам ауданы әкімдігіне қарасты барлық мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар, оның ішінде этномәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі, ауған соғысы ардагерлері, Таулы Қарабах ұрыс қимылдарына қатысушы ардагерлер ұйымдары белсенді түрде атсалысып отыр.

Аудан көлемінде экологиялық мәдениетті арттыру бағытындағы жұмыстар күн тәртібінен түспейді. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасовтың тапсырмасына сәйкес, облыс көлемінде жыл соңына дейін күнделікті сенбіліктер өткізу жоспарланған. Осы жоспар аясында Сайрам ауданында 11 ауылдық округ пен 42 елді мекеннің барлығында тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Көшелер, қоғамдық орындар, жол бойлары, су арналары мен жаяу жүргіншілер жолдары осының барлығы сенбіліктер барысында тазартылып, ретке келтірілуде.

Экологиялық бастамалар тек бір реттік сенбілікпен шектеліп қалмайды. Сайрам ауданында «Таза бастау», «Жасыл толқын», «Таза табиғат», «Киелі мекен», «Тазалық – біздің қолымызда», «Эко акция» сынды ауқымды іс-шаралар өткізілді.

Бүгінгі күнге дейін аталған сенбіліктер мен экологиялық іс-шараларға қатысқан адам саны 181 864-ке жетті. Жастар, ардагерлер, оқушылар, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілер бірлесіп, туған жерін таза ұстауға күш салып жатыр.

Соңғы екі жылда, нақтырақ айтсақ, 2024 жылдың көктемі мен күзі, 2025 жылдың көктем айларында аудан аумағында 69 900 түп ағаш, бұта және гүл көшеттері отырғызылды. Бұл жұмыстар барлық ауылдық округтерде бірдей қарқынмен жүргізілді. Қарапайым тұрғындар өз аулалары мен көшелеріне ағаш отырғызуға атсалысып, жасыл желектің үлесін арттыруға үлес қосып келеді.

Тазалық пен көріктендіру бағытындағы тағы бір бастама – «Үлгілі ауыл» жобасы. Бүгінде Сайрам ауданында осы жоба аясында облыстық байқауға қатысу үшін аудандық деңгейде іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан әкімінің өкімімен арнайы комиссия құрылып, байқауға лайық елді мекендерді анықтау бойынша жұмыс басталды. Бұл бастама ауылдардың келбетін жақсартып, тұрғындарды бір мақсатқа ұйыстыруға, салауатты экожүйе қалыптастыруға бағытталған.

Тазалық сақтау жүйелі жоспар мен нақты жұмысты талап етеді. Сайрам ауданында тазалық жұмыстары барысында жалпы 1697 тонна тұрмыстық және қатты қалдықтар жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Бұл жұмыстарға 994 техника мен жүздеген адам жұмылдырылды. Тазалық жұмыстары барысында арнайы техникалардың тиімді қолданылуы, логистиканың дұрыс ұйымдастырылуы және ауыл әкімдіктерінің үйлесімді жұмысы нәтижесінде сенбіліктер тек символдық шара емес, нақты нәтижелі іске айналды.

Тазалық – тек қоқыс жинау емес, бұл – өмір салты. Сайрам ауданы бұл бағытта өзінің жүйелі әрі мақсатты жұмысымен ерекшеленіп отыр. Тағы бір қуанарлығы – аталған шараларды жүзеге асыруда ешқандай елеулі қиындықтар тіркелмеген.

Қорытындылай келе, «Таза Қазақстан» әр қазақстандықтың табиғатқа деген жауапкершілігін оятатын, ұрпақ тәрбиесіне, ел болашағына тікелей әсер ететін бастама. Сайрам ауданы бұл бастаманы тек қолдап қана қоймай, алдыңғы шепте жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан өңірлердің бірі болып табылады.

Previous Post

Той – тек думан емес, ел бірлігі мен имани тәрбие алаңы

Next Post

Той – ұлттық тәрбие мен бірліктің діңгегі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz