gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауранда 4000 астам тұрғыны бар Аша елді мекені газбен қамтылады

25 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сауранда 4000 астам тұрғыны бар Аша елді мекені газбен қамтылады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы мен Сауран ауданы тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – Аша елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету. Бұл ауылда 4 200-ге жуық адам тұрады. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров тиісті бөлім басшыларымен бірге Шорнақ ауылдық округіне қарасты Аша елді мекенінде болып, тұрғындармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында аудан басшысы ауылды газбен қамтуға арналған жаңа жобаның іске қосылғанын хабарлады. Жоба аясында жалпы ұзындығы 19 300 метр жоғары қысымды және 34 600 метр орта қысымды газ құбыры жүргізіледі. Сонымен қатар, 1 дана газ реттеу пункті орнатылып, 832 үйге табиғи газ жеткізілмек. Жобаның толық іске асырылуы нәтижесінде 4 160 адам көгілдір отынға қол жеткізеді. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың тамыз айында басталып, 2026 жылы аяқталуы жоспарлануда.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров тұрғындар алдында сөйлеген сөзінде ауылды табиғи газбен қамту – тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған стратегиялық маңызды қадам екенін атап өтті. Құрылыс сапасына ерекше назар аударылатынын, тиісті бөлімдер мен мердігер ұйымдарға нақты тапсырмалар берілгенін жеткізді.

– Президент Қ. Тоқаевтың Жолдауында аймақ тұрғындарының сапалы және қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі деп көрсетілген. Біз Аша елді мекенін газбен қамту арқылы осы бағыттағы маңызды міндетті орындап отырмыз, – деді аудан әкімі.

Тұрғындар өз кезегінде ауылға газ жеткізу – көптен күткен қуанышты жаңалық екенін айтып, алғыстарын білдірді. Бұл жобаның іске асуы ауылдың әлеуметтік-инфрақұрылымын нығайтып, тұрғындардың күнделікті тұрмысын жеңілдететін маңызды бастама болып табылады.

Сондай-ақ, жобаның жүзеге асырылуы жергілікті жұмыс орындарын ашуға, құрылыс саласында білікті мамандардың тәжірибесін арттыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта аудандағы барлық елді мекендерді сапалы табиғи газбен қамтамасыз ету жоспары жүзеге асырылмақ, бұл – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін стратегиялық қадам.

Previous Post

Біздің дініміз – ақиқат сөзге, парасатқа, білімге негізделген - Арман Қуанышбаев

Next Post

Түркістан облысында өткен аптада 187 тазалық шарасы ұйымдастырылып, 193 тонна қоқыс шығарылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz