gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандағы спорт, мәдениет нысандарының жай-күйі сараланды

27 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістандағы спорт, мәдениет нысандарының жай-күйі сараланды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Облыс орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың құрылыс жұмыстарының барысы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында.
Осы орайда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Түркістан қаласындағы спорт және мәдениет нысандарын аралап, жауаптылармен кездесті. Кездесу барысында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын саралады. Ертай Кенжебекұлы спорт, мәдениет саласын дамытуға күш салынатынын және бұл бағытта өңірге дарынды спортшылар мен талантты жастарды тартудың маңыздылығын айтты.
Биыл Түркістан облысында 54 спорт нысанының құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Оның ішінде 25 спорт кешені, 11 спорт зал, 15 спорт алаңы, 1 футбол манежі, 1 ату алаңы бар. Аталған спорт нысандарының қатарында халықаралық Ескек есу каналы және Атшабар іске қосылады. Айта кетсек, өткен жылы өңірде 73 спорт нысанының құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға тапсырылған.
Бұдан бөлек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде мәдениет саласындағы инфрақұрылымын дамыту мақсатындағы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында мәдени ошақтар бой көтеріп жатыр. Бүгінде облыста 700-ге жуық мәдениет және өнер мекемесі қызмет көрсетуде. Былтыр Отырар ауданында төрт бірдей мәдениет үйі пайдалануға берілсе, Сарыағаш және Келес аудандарында жаңа мәдениет ошақтары есігін айқара ашты. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Жыл соңына дейін 7 мәдениет үйі халық игілігіне тапсыру жоспарланып отыр.
Previous Post

Кентауда жаңа оқу жылына дайындық талқыланды

Next Post

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 16 мектеп пайдалануға беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz