gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауран ауданында ауыз су тапшылығын шешу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде

26 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сауран ауданында ауыз су тапшылығын шешу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында бірнеше мәрте халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді ең өзекті әлеуметтік міндеттердің бірі ретінде атап өткен болатын. Президент атап өткендей, елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғырту, ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының қатарында. Осыған орай Түркістан облысында да ауыз су тапшылығын шешу бағытында ауқымды шаралар қолға алынуда.

Осы мақсатта облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Сауран ауданына арнайы іссапармен барып, елді мекендердің ауыз су мәселесін жан-жақты зерделеді. Жаз айларында су қорының жетіспеушілігіне байланысты кейбір ауылдарға ауыз су кестемен беріліп келген болатын. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін аудан көлемінде кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Атап айтқанда, Ескі Иқан ауылдық округіндегі Ескі Иқан елді мекенінде жаңа магистральді су құбыры тартылып жатыр. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталып, ауыл тұрғындары таза ауыз сумен тұрақты қамтылатын болады. Бұдан бөлек, Мәшһүр Жүсіп пен Ескі Сауран елді мекендерінде қосымша ұңғымалар қазу жоспарланған. Ал Жүйнек елді мекенінде қосымша су қоймасы (резервуар) орнатылып, халықтың қажеттілігін толық өтеу көзделіп отыр.

Сондай-ақ, 30 жылдық елді мекенінде 337 абонентке арналған водозабор салу және ішкі су жүйелерін жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл бастама жүзеге асқан жағдайда тұрғындардың тұрмыстық жағдайы едәуір жақсарып, ауылдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Іссапар барысында Зұлпыхар Жолдасов бірқатар су нысандарының жұмысымен танысып, құрылыс барысын бақылады. Жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қадағалау міндеттелді.

Айта кетейік, Түркістан облысында халықты сапалы ауыз сумен қамту мәселесі облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында. Бұл бастамалар Мемлекет басшысының халықтың тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі стратегиялық бағытына сай жүзеге асырылып жатыр.

Previous Post

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өтті

Next Post

Түркістан облысында биыл 73 мың халқы бар 37 елді мекен табиғи газбен қамтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz