gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында биыл 73 мың халқы бар 37 елді мекен табиғи газбен қамтылады

27 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында биыл 73 мың халқы бар 37 елді мекен табиғи газбен қамтылады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың тұрмыс сапасын арттырудың негізгі факторларының бірі ретінде өңірлерді газдандыру мәселесін үнемі назарда ұстап келеді. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында да «Әлеуметтік игіліктер әрбір қазақстандыққа қолжетімді болуы тиіс. Газдандыру – елді мекендердің экономикалық дамуы мен тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартудың басты тетігі» деп атап өтті. Осы бағытта Түркістан облысында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Биыл облыстағы елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 80 жобаға қажетті қаржы қарастырылды. Оның ішінде, 37 елді мекенде 46 жобаның құрылысы жыл соңына дейін толық аяқталып, нәтижесінде 73 мыңға жуық тұрғын «көгілдір отынға» қол жеткізбек. Қалған 34 жоба келесі жылға өтпелі ретінде жоспарға енгізілген.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында газдандыру жұмыстарының барысы кеңінен талқыланды. Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, тұрғын үйлерді уақытылы газға қосу, абоненттеу ісін жеделдету қажеттігін баса айтты.
— Аудан, қала әкімдіктері тарапынан газ құбыры жүргізілген елді мекендерде тұрғын үйлерді газға қосу жұмыстарын ұйымдастыру керек. Барлық абоненттердің толық қосылуын келесі күзгі-қысқы жылыту маусымына дейін аяқтауды тапсырамын. Газ нысандарының құрылысын дер кезінде бітіріп, анықталған кемшіліктерді жедел қалпына келтіру қажет, – деді Нұралхан Оралбайұлы.

Жиында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиев те баяндама жасап, өңірдегі газдандыру жұмыстарының жоспарына тоқталды. Оның мәлімдеуінше, 46 нысанның 27-сі пайдалануға берілген, қалған 19 нысанда құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Жыл қорытындысымен жалпы 600 елді мекендегі 1,9 млн-ға жуық тұрғын «көгілдір отынға» қосылмақ.

Сонымен қатар, облыста газдандырудың ұзақ мерзімді жоспары да бекітілген. Қазіргі таңда 45 жоба мемлекеттік инвестициялық портфельге енгізіліп, қосымша 50 мың тұрғыны бар 39 елді мекенді газбен қамту үшін 46 жаңа жоба әзірленуде. Жоспарға сәйкес, 2027 жылға дейін облыстағы газдандырылған елді мекендер саны 765-ке жетпек.

Бұл – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін үлкен серпін беретін маңызды қадам. Өйткені газбен қамтылған ауылдарда тұрмыстық жағдай жақсарып қана қоймай, экологиялық ахуал да оңалады. Отын-суға кететін шығын азайып, тұрғындардың өмір сүру сапасы артады.

Түркістан облысында елді мекендерді газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып, қатаң бақылауда болады. Бұл – ел Президентінің тапсырмаларына сәйкес, өңір тұрғындарының әл-ауқатын көтеруге бағытталған нақты шаралардың бірі.

Previous Post

Сауран ауданында ауыз су тапшылығын шешу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде

Next Post

Мақтааралда тағы үш ауыл табиғи газға қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz