gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Конституция – кемел елдің кепілі

30 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Конституция –  кемел елдің кепілі
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толып отыр. Бұл – халқымыздың тәуелсіз мемлекет ретінде даму жолындағы ең маңызды тарихи белестердің бірі. 1995 жылы бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата Заңымыз егемендігімізді нығайтып, елдің саяси-экономикалық, әлеуметтік және рухани өркендеуінің берік негізіне айналды.
Конституция – мемлекеттіліктің басты нышаны, елдің бірлігі мен тұрақтылығының кепілі. Әрбір мемлекет өзінің даму жолында әділ заңға сүйенеді. Қазақстан үшін ол – Конституция. Бүгінгі күні Ата Заңымыз азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз етіп, демократиялық құндылықтарды орнықтыруда жетекші рөл атқарып отыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атап өткендей: «Конституция – біздің саяси және экономикалық реформаларымыздың іргетасы. Ол әрбір азаматтың еркіндігі мен құқығын қорғап, елді өркендетуге жол ашады». Бұл сөздер Конституцияның қазіргі қоғамдағы рөлін айқын көрсетеді
30 жыл ішінде Ата Заңымыздың арқасында Қазақ-станда қуатты мемлекеттік институттар қалыптасты. Парламент пен Үкіметтің жұмысын айқындайтын құқықтық нормалар енгізіліп, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі жетілдірілді. Азаматтық қоғам институттары дамып, халықтың мемлекет ісіне араласу мүмкіндігі кеңейді.
Әсіресе соңғы жылдардағы реформалар Конституциямызды жаңа мазмұнмен байытты. Саяси жүйедегі жаңғыру – биліктің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етсе, әлеуметтік саладағы өзгерістер халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталды.
Ата Заң аясында өңірлердің өркендеуіне кең жол ашылды. Кентау қаласыда соңғы жылдары қарқынды дамып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық картасында ерекше орынға ие болды. Жаңа инфра-құрылымдық жобалар, әлеуметтік нысандар, білім мен мәдениет саласындағы бастамалар – мұның бәрі Конституцияның бекіткен құқықтық негіздері мен тұрақтылықтың нәтижесі.
Конституция – тек құқықтық құжат емес, ол – ұлттың арман-мұраты мен болашағының айнасы. Сондықтан оны қастерлеу – әрбір қазақстандықтың парызы. Ел бірлігі мен қоғам тұрақтылығы ең алдымен Ата Заңға адалдықпен тікелей байланысты.
30 жылдық мерейлі белес – бізге өткен жолды бағамдап, болашаққа тың серпінмен қарауға мүмкіндік береді. Халқымыздың даналығы мен бірлігінің жемісі болған Конституция Қазақстанды кемел келешекке бастап келеді.

Қаблан Елеусізов,
Кентау қалалық мәслихатының төрағасы

Previous Post

Алаштың айбыны – Ата Заң!

Next Post

Бізге айтыс емес – ақыл керек. Талас емес – татулық қажет - жазушы Мұхит Мақажанов

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz