gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Илхам Азизбаев: «Экологиялық мәртебе Кентаудың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді»

29 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Илхам Азизбаев: «Экологиялық мәртебе  Кентаудың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді»
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен өңірлердің теңгерімді дамуын әрдайым басты назарда ұстайды. Президент атап өткендей, халықтың табысын арттыру, денсаулық сақтау мен білім беру саласын қолдау және аймақтардың дамуындағы теңсіздікті азайту – ел саясатының стратегиялық басымдығы. Осыған орай Кентау қаласы мен оған іргелес елді мекендердің «экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ» мәртебесіне ие болуы өңірдің әлеуметтік — экономикалық дамуына жаңа серпін бермек. Бұл туралы Кентау қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Илхам Азизбаев айтып берді.

– Илхам Самиұлы, жуырда Кентау қаласы мен оған іргелес ауылдар экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ ретінде айқындалды. Осы өзгерістің мәні неде?
– Иә, 2025 жылғы 30 маусымда «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, Кентау қаласы және оған іргелес Ащысай, Хантағы, Байылдыр, Қарнақ ауылдары жаңа мәртебеге ие болды. Бұл мәртебе 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді. Яғни аталған аумақтар экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймаққа жатқызылды. Бұл тұрғындар үшін белгілі бір әлеуметтік жеңілдіктер мен қолдауларды қарастырады.

– Бұл мәртебе негізінен қандай әлеуметтік қолдау шараларын қарастырады?
– Ең бастысы, жұмыскерлер мен студенттердің табысына 1,2 коэффициент қолдану қарастырылған. Яғни олардың еңбекақысы мен шәкіртақылары 20 пайызға ұлғайып төленеді. Сонымен қатар, жыл сайынғы негізгі еңбек демалысына қосымша 7 күн беріледі. Жылына бір рет сауықтыруға арналған бір айлық еңбекақы мөлшерінде материалдық көмек қарастырылған. Ал аймақтағы халық медициналық тұрғыдан кешенді тексеруден өтіп, қажет жағдайда республикалық клиникаларда ем алуға мүмкіндік алады.

– Бұл төлемдерден қандай салықтар мен аударымдар ұсталады?
– Экологиялық төлемдерден жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары алынбайды. Тек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдары төленеді. Мысалы, айлық еңбекақысы 85 000 теңге болатын қызметкерге 17 000 теңге қосымша төлем есептеледі. Одан тек 340 теңге МӘМС жарнасы ұсталады, ал 510 теңге жұмыс беруші тарапынан аударылады. Жалпы қосымша төлем 17 510 теңгені құрайды.

– Бұл өзгерістер Кентаудың әлеуметтік-экономикалық дамуына қалай әсер етеді деп ойлайсыз?
– Әсері өте үлкен болады. Біріншіден, халықтың табысы артады. Бұл өз кезегінде тұтыну қабілетін көтеріп, шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді. Екіншіден, әлеуметтік қолдаудың күшеюі тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартады. Үшіншіден, қосымша төлемдер бюджет саласының қызметкерлеріне де қарастырылғандықтан, білім, денсаулық, мәдениет салаларындағы кадрларды ұстап қалуға мүмкіндік туады. Яғни білікті мамандардың басқа өңірге кетуін азайтады.

– Қала бойынша қанша адамға бұл жеңілдіктер қолданылады?
– Қазір Кентау аумағындағы барлық деңгейдегі 95 бюджеттік мекемеде 7658 адам еңбек етеді. Барлығы экологиялық төлемдер мен жеңілдіктерді пайдаланады.
Бұған қоса 611 заңды тұлғада 2517 қызметкер, 2786 жеке кәсіпкерлік нысанында 3214 адам жұмыс істейді. Жеке меншік мекемеде жұмыс істейтін азаматтарға да қосымша төлемдерді заңда беру тәртібі қарастырылған. Бұл бойынша қазіргі кезде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз.
Қала әкімдігі қажетті қаржыны есептеп, жоғары органдарға ұсынды. 2025 жылдың екінші жартыжылдығына 5,6 млрд теңге, 2026 жылға 9,9 млрд теңге, 2027 жылға 10,3 млрд теңге бөлу жоспарланған.
Бұл өзгерістер – мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған үлкен қолдау. Ол ең алдымен халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Сондықтан тұрғындар заңда көрсетілген барлық жеңілдіктерді пайдаланып, өз құқықтарын толық жүзеге асыруы қажет. Біз, өз тарапымыздан, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әрбір азаматтың тиісті қолдауға қол жеткізуіне жағдай жасаймыз.

— Әңгімеңізге рахмет!

Previous Post

Ел болудың басты міндеттерінің бірі – Конституцияны құрметтеу

Next Post

Жарақат алған франциялық боксшыға Шымкентте шұғыл ота жасалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz