gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасы ауданының даму бағыттары айқындалды

5 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ордабасы ауданының даму бағыттары айқындалды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Ордабасы ауданына барып, аудан активімен маңызды кездесу өткізді. Басқосуда аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалы, негізгі проблемалар мен даму перспективалары кеңінен талқыланды.

Алдымен Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев өңірдің қазіргі жағдайына қатысты баяндама жасады. Сондай-ақ басқарма басшылары өз салалары бойынша ұсыныстарын ортаға салып, бірқатар нақты мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысына жан-жақты талдау жасап, аудан әкімдігі мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе салық түсімдерін арттыру, кірістерді заңдастыру, ауылдық округтердің қаржылық тәуелділігін төмендету және жергілікті жобаларды тиімді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

– Бюджетке тәуелділікті азайтып, экономиканы әртараптандыру – стратегиялық міндет. Мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілуде. Ендігі міндет – жергілікті әкімдердің нақты әрі нәтижелі жұмыс атқаруы. Кіріс көзін арттыруға күш салу керек, бұл жұмыстар мардымсыз. Бұл – жүйесіз жұмыстың нәтижесі. Әрбір әкім өз округінің даму көрсеткіштеріне тікелей жауапты. Ордабасы ауданы үшін ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, туризм және инфрақұрылым – негізгі тірек салалар ретінде белгіленді. Бұл салалардағы жұмыстар нақты нәтиже мен жауапкершілікке негізделуі тиіс, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

Жиында ауданның экономикалық даму қарқынын арттыруға қатысты бірқатар нақты мәселелер көтерілді. Облыс басшысы кәсіпорындардың салықтан жалтаруын, әлеуметтік төлемдердің толық төленбеуін сынға алып, бұл бағытта жауапкершілікті күшейту қажеттігін ескертті. Сонымен бірге ауданға инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, жұмыссыздықты азайту бағытында да нақты тапсырмалар берілді.

Кездесу барысында Ордабасы ауданының туризм саласындағы әлеуеті де жан-жақты сөз болды. Облыс әкімі тарихи-мәдени ескерткіштер мен туристік нысандар инфрақұрылымын жақсартуды, қызмет көрсету сапасын арттыруды және санитарлық тазалықты күшейтуді міндеттеді. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан экономикасына жаңа серпін беріп қана қоймай, облыстың имиджін көтеруге де ықпал ететіні атап өтілді.

Жиын соңында облыс әкімі барлық деңгейдегі басшыларды бірлесе жұмыс істеуге шақырып, мәслихат депутаттарына инвестициялық жобаларды қолдау, округтердегі әлеуетті бастамаларды зерделеу бойынша тапсырмалар жүктеді. Нұралхан Көшеров атап өткендей, әрбір қабылданған шешімнің артында нақты нәтиже болуы тиіс, ал басты талап – тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту.

Previous Post

Түркістан облысында 2026-2028 жылдары су үнемдеу технологияларын енгізуді субсидиялауға шамамен 90 млрд теңге бөлінеді

Next Post

Бәйдібекте даму бағыттары айқындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz