Ордабасы ауданы да өңірдің даму динамикасына сай өзіндік үлесін қосуда. Ауданның табиғи газбен қамту деңгейі соңғы екі жылда 15,7 пайыздан 63,2 пайызға дейін өсті. Қазіргі таңда Ордабасы ауданында 36 елді мекен табиғи газға қосылған. 2025 жылы Ынтымақ, Сарыарық, Жусансай, Арыстанды, Ақсары, Жұлдыз, Жайылма және Мәдениет сияқты 8 елді мекенге газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар аяқталған соң, ауданның газбен қамту деңгейі 77,1 пайызға жетеді деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, 11 елді мекеннің, атап айтар болсақ, Нұра, Ақпан, Аққойлы, Бадам, Дербес, Ордабасы, Мамыр, Қарабастау, Ақбұлақ, Дихан және Қалаш елді мекендерінің жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Бұл құжаттама жергілікті инфрақұрылымды әрі қарай дамытуға жол ашып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Ордабасы ауданында тұрғындарды газбен қамту деңгейінің өсуі өңірдің тұрмысын жақсартып қана қоймай, өндірістік әлеуеттің артуына да ықпал етеді. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, экология мен тұрғындардың денсаулығын қорғау тұрғысынан да маңызды.



