gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан экономикасына тың тыныс беретін жобалар жүзеге асады

20 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан экономикасына тың тыныс беретін жобалар жүзеге асады
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында «Инвестиция – ел дамуының басты тетігі, жаңа жұмыс орындарының кепілі» екенін үнемі атап көрсетеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірлерде инвестициялық ахуалды жақсарту, жаңа өндіріс орындарын ашу және экономиканы әртараптандыруға айрықша көңіл бөлінуде. Осы бағыттағы жұмыстар Түркістан облысында да жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Биылғы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша Түркістан облысына 694,6 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 133,8 пайызға жоғары. Тартылған қаражаттың негізгі бөлігі – 72,3 пайызы жеке инвестициялар үлесіне тиесілі. Бұл өз кезегінде өңірдің кәсіпкерлік әлеуеті артып келе жатқанын көрсетеді.

Қазіргі таңда облыста ірі инвестициялық жобалар қолға алынған. Мәселен, мақта, күріш және өсімдік майын қайта өңдейтін зауыттардың құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ сүт өнімдерін өндіретін жаңа кәсіпорындар мен ірі қара малға арналған заманауи сүт-тауар фермалары ашу жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы саласында да тың бастамалар бар. Жақын арада полиэтилен мен крахмал негізінде биологиялық ыдырайтын пластикалық бұйымдар өндірісі іске қосылмақ. Сонымен қатар органикалық қалдықтарды қайта өңдеу зауыты, тамшылатып суару жүйесін шығаратын өндіріс, автоматтандырылған кірпіш зауыты, металл конструкциялары мен бұйымдарын шығаратын өндіріс орындары ашылады. Бұл жобалардың барлығы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында тұр.

Осыған орай облыс әкімінің төрағалығымен Өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында жүзеге асып жатқан жобалардың барысы сараланып, келешектегі бастамалар пысықталды. Әкімдік тарапынан инвесторларға толық қолдау көрсетілетіні айтылды.

– Біздің өңір үшін бұл инвестициялық жобалардың маңызы зор. Қазіргі таңда барлық аудан-қалаларда өндірістік нысандар мен зауыттар ашуға басымдық беріліп отыр. Әкімдік тарапынан толық қолдау көрсетіледі. Аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары әрбір инвесторға нақты көмек көрсетіп, жобаларды толық сүйемелдеуі тиіс. Инвесторлар да өз кезегінде жобаларды мерзімінде іске асыруға жауапты, – деді Нұралхан Көшеров.

Басқосуда инфрақұрылым мәселесі де қаралды. Жаңа кәсіпорындардың электр, су, жол сияқты қажеттіліктермен қамтылуы – басты назарда. Әкім өңір экономикасына серпін беретін ірі жобаларды жүзеге асырып отырған компанияларға мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Жиында Түркістан қаласында қуаттылығы 27,6 МВт болатын газпоршенді жылу электр станциясының құрылысы мен іске қосылуы ерекше назарға алынды. Бұл жоба да өңірдің энергетикалық әлеуетін күшейтіп, өнеркәсіп пен тұрмыстық қажеттілікті толық қамтамасыз етуге бағытталған.

Айта кетейік, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Өңірлік инвестициялық штабтың жұмысы жүйеленіп, жаңа жобалардың жүзеге асырылуына жол ашылуда. Нәтижесінде Түркістан облысында инвестиция тарту қарқыны артып, экономикаға тың тыныс берілуде.

Previous Post

Ұлттық құндылықтар – рухани байлығымыз

Next Post

Ордабасы ауданында тұрғындарды газбен қамту деңгейі 15,7 пайыздан 77,1 пайызға өсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz