gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ұлттық құндылықтар – рухани байлығымыз

20 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ұлттық құндылықтар – рухани байлығымыз
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлттық құндылықтар – ел рухының тірегі. Әр ұлттың өзіндік болмысы, дүниетанымы мен рухани байлығы болады. Ол – ұлтты ұлт етіп тұратын ең басты ерекшеліктердің бірі. Қазақ халқының да сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бай рухани қазынасы бар. Ол – ұлттық құндылықтар. Ұлттық құндылықтар – халқымыздың салт-дәстүрі, тілі, діні, өнері, әдебі, тәрбиесі мен өмір сүру салтының жиынтығы. Бұл құндылықтар халықтың тарихы мен тағдырының айнасы, елдіктің өзегі.

Ұлттық құндылық дегеніміз не?

Ұлттық құндылық – белгілі бір ұлттың өзіне тән, ғасырлар бойы қалыптасқан әрі ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын рухани, мәдени және тарихи мұралар. Қазақ халқы үшін ұлттық құндылықтар қатарына тіліміз, дініміз (ислам), салт-дәстүрлеріміз, әдет-ғұрып, отбасылық тәрбие, қонақжайлық, үлкенге құрмет, жер мен суға деген құрмет, батырлық, ерлік, намысшылдық секілді қасиеттер жатады.

Тіл мен дін – ұлттық болмыстың тірегі:

Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, ұлттық сана – сезімнің айнасы. Тілді жоғалту – ұлт болмысының жойылуы деген сөз. Сондықтан тілімізді құрметтеп, оның тазалығы мен байлығын сақтап, жас ұрпаққа сіңіру – әрбір азаматтың борышы. Дін – қазақ қоғамының рухани тірегі. Ислам діні халқымыздың мәдениетіне, салт-дәстүріне сіңіп, өмір салтымен үйлескен. Дәстүрлі ислам – ата-бабаларымыздың сенім негізі, ізгілік пен адамгершілік жолының бастауы.

Салт-дәстүр мен әдет-ғұрып – ұлттың жаны:

Қазақ халқының тұрмыс-салты мен наным-сенімінде ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар маңызды орын алады. Ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, келін түсіру, наурыз тойлау, ас беру, құда түсу секілді дәстүрлер – ұлттық болмыстың көрінісі. Бұл дәстүрлер ұрпаққа тәрбие береді, қоғамда бірлік пен өзара құрметті қалыптастырады.

Отбасылық тәрбие – ұлттық тәрбиенің негізі:

Қазақ халқы отбасылық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөз бекер айтылмаған. Ата-ана тәрбиесі арқылы балаға ұлттық құндылықтар дарытылады. Үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, ер азаматтың намысы, қыз баланың инабаттылығы – бұл бәрі отбасында бастау алады.

Қазіргі заманда ұлттық құндылықтарды сақтау не үшін қажет?

Бүгінгі жаһандану заманында көптеген шет елдік мәдени ықпалдар жастар санасына әсер етуде. Бұл – ұлттық болмысымызға қауіп төндіретін факторлардың бірі. Сондықтан ұлттық құндылықтарымызды сақтау, жаңғырту және насихаттау – мемлекеттің тұрақтылығы мен ұлттың тұтастығы үшін аса маңызды. Мемлекеттік бағдарламалар, білім беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталуы тиіс. Әрбір азамат, әсіресе жастар ұлттық болмысын сақтауға атсалысуы керек.

Ұлттық құндылықтар – тек өткенімен ғана емес, бүгінгісімен де құнды. Олар халықтың өмір сүру салтына айналып, адамның ішкі дүниесі мен дүниетанымына әсер етеді. Әрбір адам өзінің ұлттық болмысын сезініп, соған сай әрекет еткенде ғана қоғамда үйлесім, татулық орнайды. Осы құндылықтар арқылы біз бір-бірімізді сыйлауға, түсінуге, жауапкершілікпен қарауға үйренеміз.

Мемлекет дамуының негізі – ұлттық бірегейлік. Сол себепті ұлттық құндылықтарды ұлықтау – тек мәдениетті сақтап қалу емес, ел бірлігі мен болашағын қамтамасыз етудің жолы. Ұлттық рухы бар ұрпақ – елдің ертеңгі тірегі.

Ұлттық құндылықтарымыз – мәңгілік ел болу жолындағы темірқазық!

 Д. Аманов,

Түркістан облысының дін істері басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ– нің

Мақтаарал, Жетісай ауданындағы бөлімінің маманы

Previous Post

Қазаққа келін болған Карина

Next Post

Түркістан экономикасына тың тыныс беретін жобалар жүзеге асады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz