gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Балаға «жақсы өмір» беруден бұрын, оны жақсы адам ретінде тәрбиелеу маңызды — Арман Қуанышбаев

8 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Балаға «жақсы өмір» беруден бұрын, оны жақсы адам ретінде тәрбиелеу маңызды — Арман Қуанышбаев
Share on FacebookShare on Twitter

Отанды сүю, ұлттық құндылықтарды қадірлеу, ұл мен қыз тәрбиесіне мән беру барлығы ислам дінінің де, қазақы дүниетанымымыздың да басты қағидаларына жатады. Елімізге белгілі дінтанушы, ҚР Мұсылмандар діни басқармасы жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, «Балаби қари» Құран жаттау орталығының басшысы Арман Қуанышбаев «Дәстүр» студиясына берген сұхбатында осы мәселелердің түп-төркінін тереңінен тарқатты.

Оның айтуынша, Отанды қорғау шариғаттағы маңызды ұстанымдардың бірі болып табылады. Құранда «Отан» сөзі нақты аталмағанымен, «атамекен», «туған жер» ұғымдары кеңінен кездеседі. Мәселен, «Олар сендерді аталарыңның мекендерінен шығарды…» деген аяттағы негізгі мәселе отанынан қуылған адамның өз жерін қорғауға құқы бар екені көрсетілген.

Батыр бабаларымыз жауға шапқанда Құран аяттарын жүрегіне жастап, кәлиманы тілге алып аттанған. Аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновтың өзі ұшаққа мінерде кәлиманы айтқанын білеміз. Мұның барлығы халқымыздың руханияты мен отаншылдығының бір-бірімен сабақтасып кеткенін көрсетеді. Арман Қуанышбаевтың айтуынша, бұл қазақы болмысымызбен біте қайнасып кеткен дәстүрлі діннің жемісі. Сол себепті, дін мәселесінде де, отанға деген сүйіспеншілікте де адам шектен шықпауы керек, бірақ қолындағы бар құндылықты да жоғалтып алмауы тиіс. Дін мен дәстүр қатар өрілгенде ғана ұрпақ та, ұлт та рухани мықты болады.

Бүгінгі таңда ұлт болашағы ұл мен қыз тәрбиесіне тікелей байланысты болып табылады. Бұл мәселе дінімізде де, халқымыздың салт-дәстүрінде де айрықша орын алады. Арман Қуанышбаев қазіргі қоғамда көптеген ата-ананың баласын материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуді ғана тәрбиенің өлшемі деп қабылдайтынын сынға алады. Алайда нағыз тәрбие – баланың рухани, адами, имани қасиеттерін жетілдіруде жатыр. Балаға «жақсы өмір» беруден бұрын, оны жақсы адам ретінде тәрбиелеу маңызды. Бұл – шыншылдық, әділеттілік, жауапкершілік, кішіпейілділік, ар-ождан, ибалылық сияқты қасиеттерді бойына сіңіру арқылы жүзеге асады.

Ұл баланы батырлыққа, намысқа, ар-намысқа баулу – исламдағы «ақиқа» тәрбиесінің көрінісі. Қыз баланы ибалыққа, ұят пен ибаға, инабаттылыққа баулу Пайғамбарлық сүннеттің жалғасы. Қазақ ұғымындағы «қызға қырық үйден тыйым», «ұлың өссе ұлы жақсымен ауылдас бол» деген тәрбиелік ұстанымдар да осы діни негіздермен үндес.

Сонымен бірге, ұрпақ тәрбиесінде кенжелеп бара жатқан бір маңызды сала кәсіпке баулу. Арман Қуанышбаевтың айтуынша, қазақ халқы бұрыннан «ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деп, ұл мен қызды бала кезден еңбекке, кәсіпке үйреткен. Алайда қазір бұл дәстүр ұмытыла бастаған. Жоғары оқу орындары маман даярласа да, жастарға сол мамандығын табыс көзіне айналдыру жолын үйретпейді. Бұл үлкен кемшілік.

Мал табудың адал жолын үйрету, кәсібін дінмен, иманмен үйлестіру шариғатқа да, салтымызға да сай әрекет. Арман Қуанышбаев осы бағытта ата-аналар балаларға материалдық игіліктерден бұрын еңбекке бейімділік пен табанды болуды, адал кәсіптің маңызын үйретуге назар аударуы керек екенін айтады.

Қорыта айтқанда, дін мен дәстүр бір-бірінен бөлек емес, бірін-бірі толықтырып тұратын тұтас ұғымдар. Отанды сүю де, ұрпақты тәрбиелеу де, кәсіпке баулу да шариғат пен ұлттық болмыстың ажырамас бөлігі. Еліміздің болашағы жарқын болсын десек, ұлтымыздың бойына отаншылдық пен имандылықты, еңбексүйгіштік пен тәрбиелік құндылықтарды қатар сіңіруіміз қажет.

Previous Post

Сайрам ауданы – сапалы энергиямен қамтылған, әлеуеті зор өңір

Next Post

Түркістан облысында инфрақұрылым саласын жаңғыртуға 170 млн теңгеге жуық инвестиция тартылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz