gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайрам ауданы – сапалы энергиямен қамтылған, әлеуеті зор өңір

7 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сайрам ауданы – сапалы энергиямен қамтылған, әлеуеті зор өңір
Share on FacebookShare on Twitter

Электр энергиясы – ел экономикасының күре тамыры. Әлеуметтік нысандар мен өндіріс ошақтары, шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй секторы мұның бәрі де тұрақты әрі сапалы электрмен жабдықтауға тікелей тәуелді. Сондықтан өңірлерді сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындап берген елдің инфрақұрылымдық дамуының басты басымдықтарының бірі. Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жергілікті жерлердің инфрақұрылымын жақсарту бағдарламаларының нәтижесі бүгінде нақты жобалар арқылы көрініс тауып отыр.

Айталық, Сайрам ауданы бүгінде әлеуеті жоғары, кәсіпкерлігі мен ауыл шаруашылығы қатар өркендеген ірі өңірлердің бірі болып табылады. Мұнда елді мекендерді сапалы электр энергиясымен қамту ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырудың бірден-бір жолы саналады.

Бүгінгі таңда Сайрам ауданының 11 ауылдық округі мен 42 елді мекенінің барлығы тұрақты түрде электр энергиясымен қамтамасыз етілген.

Аудан аумағында тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз энергиямен қамту мақсатында жаңа трансформаторлар орнату, ескі электр желілерін жаңарту, қосалқы стансалардың құрылысын жүргізу бағытындағы жұмыстар қарқын алған. Мәселен, 2024 жылы Қарасу ауылдық округіне қарасты Қарасу және Ақбай, сондай-ақ Манкент ауылдық округіндегі Манкент және Аққала елді мекендерінде электр желілері жаңартылып, жаңа трансформаторлар орнатылды.

Қазіргі таңда Қарабұлақ, Қарамұрт, Низамабад, Көлкент елді мекендерінде де электр жүйелерін жаңғырту, жаңа желілер тарту және қосымша трансформатор орнату жұмыстары жүргізілуде. Мұндай жұмыстар бір мезетте бірнеше елді мекенді қамтып отырғаны аудандағы энергетикалық инфрақұрылымның ауқымды жаңаруға бет бұрғанын аңғартады. Сонымен қатар, аудандық «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан 2024-2027 жылдарға арналған инвестициялық жоба аясында өз теңгеріміндегі электр желілері мен трансформаторлар кезең-кезеңімен жаңартылып келеді.

Энергетика саласындағы ең маңызды жобалардың бірі – Ақсукент ауылдық округіндегі «Ақсу 220/110/35» қосалқы электр станциясының құрылысы. Бүгінде бұл станцияның жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Бұл станция іске қосылған жағдайда, аудан аумағындағы жүктемелер біршама жеңілдеп, сапалы энергиямен қамту көрсеткіші артатын болады.

Аудандағы электр желілері мен трансформаторларды жаңарту, жаңа қосалқы станция салу – тұрғындар тарапынан бұрын жиі көтеріліп келген электр сапасына қатысты мәселелерді түбегейлі шешуге бағытталған. Қазіргі таңда Сайрам ауданында электр қуатының үзілісі жиі орын алатын елді мекендер жоқ.

Сайрам ауданының болашағына бағытталған тағы бір маңызды қадам – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану. Бүгінде Қарамұрт ауылдық округінде «Самұрық-Қазына» АҚ тарапынан бу-газ қондырғысы арқылы электр қуатын өндіретін станцияның құрылысы басталды. Бұл жоба іске қосылғанда, аудан тек өз қажеттілігін өтеп қана қоймай, артық энергияны көрші елді мекендерге де жеткізе алатын әлеуетке ие болады.

Жалпы Түркістан облысы бойынша электр энергиясына деген қажеттілік 320 МВт шамасында болса, оның 80 пайызы сыртқы көздерден тасымалданады. Бұл – өңірлік энергетикалық тәуелділік бар екенін көрсетеді. Осы тәуелділіктен арылу үшін облыс көлемінде кешенді жобалар қолға алынған. Бүгінгі таңда облыс аумағындағы елді мекендердің 98 пайызы орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Қалған 16 ауыл географиялық тұрғыдан шалғай орналасқандықтан, оларды энергиямен қамту күн панельдері, дизельді генераторлар сынды баламалы қуат көздері арқылы шешілуде.

Биылғы жылдың өзінде облыста қосымша 93 елді мекенді сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету көзделген. Бұл бастамалар, әрине, Түркістан өңірінің энергетикалық қауіпсіздігін арттырып, инвестициялық тартымдылығын еселей түседі.

Сайрам ауданы – тек егіншілік пен кәсіпкерлікті өркендетіп қана қоймай, энергетикалық инфрақұрылымды да заман талабына сай жаңғыртып жатқан даму жолындағы аудан. Инфрақұрылымды жетілдіру – ел дамуының негізі. Бұл бағыттағы жұмыстардың бәрі тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру, аймақтың экономикасын әртараптандыру және инвестиция тартуға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Previous Post

Таза Қазақстан: Сарыағашта сенбілік жұмыстары жалғасуда

Next Post

Балаға «жақсы өмір» беруден бұрын, оны жақсы адам ретінде тәрбиелеу маңызды - Арман Қуанышбаев

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz