gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Таза Қазақстан: Сарыағашта сенбілік жұмыстары жалғасуда

6 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Таза Қазақстан: Сарыағашта сенбілік жұмыстары жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы бүкіл ел аумағында жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаның басты мақсаты – елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, халықтың экологиялық мәдениетін көтеру және жас ұрпаққа табиғатты аялау жөнінде өнеге көрсету.

Осы бағытта Түркістан облысының барлық аудандарында сенбіліктер мен санитарлық-тазалық шаралары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Соның ішінде Сарыағаш ауданы да аталған бастаманы қызу қолдап, өңірдің ажарын арттыруға белсенді үлес қосуда.

Аудан аумағында өткен кезекті сенбілікке жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, мекеме-ұйымдар мен мектептердің ұжымдары, жастар және ерікті тұрғындар қатысты. Қоғамдық шара барысында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың бойы қоқыстан аршылып, ішкі көшелерде бей-берекет тасталған күл-қоқыс жиналды. Жол жиегіндегі арамшөптер шауып, жасыл желек түптері әктелді. Сонымен қатар, саябақтар мен гүлзарлардың аумағы ретке келтіріліп, арық-атыздардағы қоқыс пен шөп-шалам тазартылды.

Жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы техника көмегімен шығарылып, белгіленген қоқыс полигондарына жеткізілді. Бұл жұмыстар Сарыағаш қаласының ғана емес, ауылдық округтердің де санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы тек экологиялық ахуалды жақсарту үшін ғана емес, сонымен қатар қоғамның жауапкершілігін арттыруға, тұрғындардың бірлігін күшейтуге ықпал етуде. Өйткені тазалық – мәдениеттің көрсеткіші. Өз үйімізді, өз көшемізді таза ұстау – баршамыздың ортақ парызымыз.

Осыған орай аудан тұрғындарын сенбіліктерге белсене қатысып, өз ауласы мен көшесін таза ұстауға шақырамыз. Әрбір азаматтың табиғатты қорғауға және туған жерін көркейтуге қосқан үлесі еліміздің жасыл келешегі үшін маңызды.

Previous Post

Бесікті ұмытпау – ұлттық код пен елдікті сақтаудың жолы

Next Post

Сайрам ауданы – сапалы энергиямен қамтылған, әлеуеті зор өңір

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz