gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 15 млн долларлық инвестициялық жоба іске асады

11 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында 15 млн долларлық инвестициялық жоба іске асады
Share on FacebookShare on Twitter
Келес ауданында шетелдік инвесторлармен жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен маңызды басқосу өтті. Жиында аудан аумағынан 10 000 басқа арналған мал бордақылау алаңын салу жоспары талқыланды. Сонымен қатар жоғары технологиялық мал сою бекеті және ет өнімдерін терең өңдеу кешенін салу мәселелері де талқыланды.
Аудан әкімі Түркиялық инвесторларға өңір әлеуетін дамытуға бағытталған жобаны бірлесе атқаруға дайын екенін жеткізді.
— Біз үшін ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының тірегі. Осындай ауқымды жобалар Келес ауданының дамуына тың серпін береді. Жергілікті кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар арасындағы әріптестікке қолдау көрсету – біздің басты міндетіміз, — деп атап өтті аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев.
Жоба құны — 15 млн АҚШ долларын құрайды. Түркиялық инвесторлар тарапынан қаржы құю үшін кәсіпкерге жер телімін рәсімдеу қажеттілігі айтылды. Өз кезегінде аудан әкімі жобаға толық қолдау көрсетілетінін жеткізіп, жер мәселесі бойынша тиісті шаралар атқарылатынын атап өтті.
Осы күні аудан басшысы мен инвесторлар Бозай ауылдық округінде жоспарланған жоба аумағына барып, іс жүзіндегі жағдаймен танысты. Бүгінде жеке кәсіпкер 4 277 ірі қара мал, оның ішінде 1 500 асыл тұқымды «қалмақ сиыры», сондай-ақ 9 200 уақ мал өсіруде.
Жобаның іске асуы Келес ауданында жаңа жұмыс орындарының ашылуына, экспорттық әлеуеттің артуына, ет өнімдерін өңдеу мен қайта өңдеудің дамуына және ауыл шаруашылығы саласының жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.
Previous Post

Нұралхан Көшеров Қытайдың ресми және бизнес делегациясымен кездесті

Next Post

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпазы болған Шарбұлақ ауылында заманауи спорт кешенінің құрылысы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz