gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібас көшелері жарықтандырылып, ауылдар ажарлана түсті

13 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түлкібас көшелері жарықтандырылып, ауылдар ажарлана түсті
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданында елді мекендерді жарықтандыру бағытында соңғы жылдары нақты әрі жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 2024 жылдан бастау алған және 2025 жылы жалғасқан бірқатар жобалар бүгінде нақты нәтижесін беріп, халық игілігіне ұсынылды. Ағымдағы жылы аудан бойынша 3 елді мекеннің 3 көшесінде жарықтандыру жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Кемербастау ауылдық округі, Алғабас ауылы, Абралиев көшесіне – 8 568,9 мың теңге, Машат ауылдық округі, Машат ауылы, Баймаханов көшесіне – 31 736,0 мың теңге, Келтемашат ауылдық округі, Келтемашат ауылы, Бейбітшілік көшесіне – 8 370,0 мың теңге қаржы бөлініп, жарық желілері тартылып, көшелер түнгі уақытта жарықпен қамтылды. Жалпы алғанда, бұл үш жобаға 2024 жылы 27,8 млн. теңге, 2025 жылы 20,8 млн. теңге бөлініп, нысандар толығымен аяқталып отыр.

Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін арттыру және өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында, ағымдағы жылы тағы да 9 елді мекеннің 12 көшесіне жарықтандыру желілерін тарту және трансформатор орнату жұмыстары қолға алынуда. Жобаның жалпы құны – 378,0 млн. теңге, оның ішінде 2025 жылы 100,0 млн. теңге облыстық бюджеттен қаржы қаралған.

Жарықтандыру жұмыстары жүргізілетін көшелердің қатарында Келтемашат ауыл округі, Кершетас ауылы Нұршуақ көшесі, Сеславино ауылы Амангелді көшесі, Мичурин ауыл округі, Таусағыз ауылы Байшешек көшесі, Тастұмсық ауыл округі, Жыланды ауылы Достық көшесі, Ақбиік ауыл округі, Құлан ауылы Болашақ, Атамекен, Еңбек көшелері, Ақбиік ауылы Ақниет көшесі, Шақпақ а/о, Шақпақ баба ауылы Айманбетов көшесі, Түлкібас кенті Жанақұрылыс көшесі, Рысқұлов а/о, Тастыбұлақ ауылы Наурыз, Бастау көшелері бар. Аталған жобалар 2026 жылға өтпелі болып табылады және кезең-кезеңімен іске асырылады.

Аудан әкімдігі мен жауапты мекемелердің бұл бағыттағы жұмыстары Түлкібас халқының тұрмыстық жағдайын жақсартуға және заманауи инфрақұрылыммен қамтуға бағытталған. Көше шамдарының орнатылуы – тек жарық беру емес, ол – тұрғындардың кешкі уақыттағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жастар мен балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау.

 

Previous Post

Түркістанда халықаралық жастар күніне орай мерекелік концерт өтті

Next Post

«Достық керуені» жобасы аясында ақпараттық-насихаттық кездесулер өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz