gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда жергілікті әскери басқару органдарының күні аталып өтті

12 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда жергілікті әскери басқару органдарының күні аталып өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін – ҚР жергілікті әскери басқару органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осыған орай Түркістан қаласында еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға елеулі үлес қосып жүрген ардагерлер мен қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты шара өтті.
Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы подполковник Қуанышбек Құлымбаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, жергілікті әскери басқару органдарының құрылу тарихы мен жетістіктері туралы айтты. Ол жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеудің, әскерге дейінгі жастарды кәсіби бағдарлаудың және әскери қызметтің беделін арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдары құрылған төрт жыл ішінде Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қатарына 15 мыңнан астам жас әскерге жіберілді. Үш жыл қатарынан «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныптарының тәрбиеленушілері «Айбын» республикалық жастар жиыны аясында жүлделі орындарға ие болып, үздік нәтижелер көрсетіп келеді.
Салтанатты жиын барысында қызметтік міндеттерін адал және үлгілі атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген бірқатар қызметкерлер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Previous Post

Президент Жолдауы – Жаңа дәуірге қадам

Next Post

Жұмысшы мамандықтар жылының нәтижелері қаралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz