gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент Жолдауы – Жаңа дәуірге қадам

12 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент Жолдауы – Жаңа дәуірге қадам
Share on FacebookShare on Twitter
8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жасады. Бұл Жолдау – жай ғана құжат емес, елдің алдағы даму бағытын айқындап берген үлкен бағдаршам іспетті. Онда әрбір азаматтың өміріне әсер ететін маңызды мәселелер қозғалды: цифрландыру, жасанды интеллект, білім мен ғылым, экономиканы әртараптандыру, жаңа саяси жүйе.
Бүгін осы маңызды құжатты талқылау мақсатында «Respublica» партиясының Түркістан облыстық филиалында жиын өтті.
Кездесуге Өңірлік кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, Шардара, Кентау, Сауран, Түркістан қалаларындағы бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және өңірдегі белсенді кәсіпкерлер қатысты.
Жиналыс барысында қатысушылар Жолдаудың мән-маңызына тоқталып, әр салаға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Барлығының ортақ ұстанымы – Жолдауда жүктелген міндеттерді бірлесе атқарып, еліміздің өркендеуіне үлес қосу.
Президент атап өткен басым бағыттар ерекше қолдау тапты:
— Жасанды интеллект пен цифрлық мемлекет құру – жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, елді технологиялық тұрғыдан алға жетелейді.
— Бір палаталы Парламентке көшу – саяси жүйені ықшамдап, партиялардың жауапкершілігін арттырады.
— Экономиканы әртараптандыру мен инвестиция тарту – жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың тұрмысын жақсартады.
Бұл міндеттерді орындау – тек Үкіметтің ғана емес, бүкіл қоғамның, әрбір партияның, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Егер барлығымыз жұмыла әрекет етсек, Қазақстан алдағы жылдары аймақтағы ғана емес, әлемдік деңгейде де беделді, белсенді елге айналады.
Previous Post

Кентауда «құқықбұзушылыққа – жол жоқ!» атты тәрбиелік кездесу өтті

Next Post

Түркістанда жергілікті әскери басқару органдарының күні аталып өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz