gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Таза Қазақстан: Түркістан облысында өткен сенбілікке 2 мыңнан астам адам қатысты

16 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Таза Қазақстан: Түркістан облысында өткен сенбілікке 2 мыңнан астам адам қатысты
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының Ордабасы ауданында бүгін кең ауқымды тазалық акциясы өтті. Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылған сенбілік аудан орталығындағы саябақтарды абаттандыруға, санитарлық тазалықты күшейтуге және жергілікті тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталды.

Шара барысында Орталық саябақ аумағы күл-қоқыстан толық тазартылып, ағаштар мен көгалдарға күтім жасалды. Қатысушылар жапырақтарды жинап, орындықтар мен жүргіншілер жолдарын жуып-тазалады. Тұрғындар мен еріктілер табиғатты аялау мен қоғамдық аумақтарды күтіп ұстаудың ортақ жауапкершілік екенін көрсетті.

Тазалық жұмыстарына аудан көлеміндегі мекемелер мен ұйымдар, ауылдық округтердің тұрғындары, жастар мен еріктілерден жалпы саны 2000-нан астам адам жұмылдырылды. Жұмыстарға 10 арнайы техника тартылып, нәтижесінде 15 тоннаға жуық тұрмыстық және табиғи қалдықтар арнайы полигонға шығарылды.

Сенбілік аясында табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ордабасы ауданы әкімдігі мұндай экологиялық бастамалардың ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға ғана емес, тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлық сезімін арттыруға зор үлес қосатынын атап өтті.

Алдағы уақытта да аудан аумағында тазалық пен көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табады. «Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғау ісіне ғана емес, қоғамда рухани тазалықты, адалдықты және отансүйгіштік құндылықтарды нығайтуға бағытталған маңызды бастама болып отыр.

Previous Post

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев егін жинау науқанына арналған кеңес өткізді

Next Post

Кентаудағы №7 колледжде жастардың саналы көзқарасын қалыптастыруға арналған кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz