gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қарнақ ауылындағы “URKER” мектебінде зайырлылық қағидаттары түсіндірілді

17 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қарнақ ауылындағы “URKER” мектебінде зайырлылық қағидаттары түсіндірілді
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылындағы “URKER” мектебінде оқушылардың құқықтық және рухани мәдениетін нығайтуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара мектеп қабырғасында оқу орнының ішкі тәртібін сақтау, бекітілген мектеп формасын ұстану және зайырлылық қағидаттарының маңызын түсіндіру мақсатында өтті.

Жиынға “Кентау қалалық Руханият орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теолог маманы Ш.Нұрулла, Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог мамандары Қ.Мырзабай мен Қ.Молдабек, сондай-ақ “Кентау қалалық Руханият орталығы” КММ-нің психолог маманы А.Далдекеева қатысты. Сарапшылар өз баяндамаларында жастар тәрбиесінде мектеп тәртібін сақтаудың, бірыңғай мектеп формасын киюдің және зайырлылық қағидаттарын құрметтеудің қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.

Кездесуде еліміздегі білім беру жүйесінің басты ұстанымдары жайлы кеңінен айтылды. Теолог мамандар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес барлық мектептерде діни атрибуттардан бөлек, бірыңғай мектеп формасын кию ережесі бар екенін түсіндірді. Бұл талап – оқушылар арасындағы әлеуметтік теңдікті сақтау және білім ошағында алаңсыз оқу процесін қамтамасыз етудің кепілі екені баса көрсетілді. Сондай-ақ жастардың зайырлы мемлекет жағдайында дұрыс дүниетаным қалыптастыруы, өз елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуі және ортақ құндылықтарды бойына сіңіруі – келешек қоғам дамуының негізі екендігі айтылды.

Психолог маманы А.Далдекеева жасөспірімдердің тұлғалық дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін мектеп ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. Оның айтуынша, ортақ тәртіпке бағыну – балалардың жауапкершілігін арттырып қана қоймай, ұжымдағы сыйластық пен өзара түсіністікті қалыптастырады.

Шара барысында қатысушылар мектеп оқушыларының рухани мәдениетін көтеруге, діни сауаттылықты арттыруға және қоғамда жалған діни ағымдарға ілесуден сақтандыруға қатысты да мәселелерді талқылады. Теологтар қате түсініктерге жол бермеудің жолдарын көрсетіп, зайырлы мемлекет ұстанымдарына құрметпен қарауға шақырды.

Жиын соңында оқушылар мен ұстаздар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды. Сұрақтар мектеп формасына қатысты талаптардан бастап, қазіргі жастардың әлеуметтік желілердегі белсенділігі мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне дейін қамтылды. Сарапшылар әрбір сұраққа нақты мысалдар келтіріп, түсінікті әрі толыққанды жауап берді.

Осындай ақпараттық-түсіндіру шаралары өңір мектептерінде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мамандардың пікірінше, бұл кездесулер оқушылардың құқықтық мәдениетін арттырып қана қоймай, олардың бойында қазақстандық патриотизмді, өз елінің заңдарына құрмет сезімін қалыптастырады. Сонымен қатар, мектеп ұжымы мен ата-аналар қоғамдастығы арасында өзара түсіністік пен жауапкершілік сезімін нығайтуға септігін тигізеді.

“URKER” мектебінің басшылығы да мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Мектеп әкімшілігі бұл жұмыстардың оқушылардың тәртібіне, сабақ үлгеріміне және жалпы оқу процесінің сапасына оң әсер етіп отырғанын жеткізді.

Кентау қаласы бойынша білім беру мекемелерінде алдағы уақытта да зайырлылық қағидаттарын насихаттауға, жастардың бойына адамгершілік пен жауапкершілік қасиеттерін сіңіруге бағытталған түсіндіру шаралары жалғасын табады.

Previous Post

Нұралхан Көшеров Түркістан облысының кәсіпкерлеріне үндеу жасап, президент жолдауын іске асыруға шақырды

Next Post

Кентауда этносаралық татулық пен жастардың құқықтық сауаттылығына арналған кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz