gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда кітапхана ұжымымен діни қауіпсіздік жайы талқыланды

28 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда кітапхана ұжымымен діни қауіпсіздік жайы талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қалалық орталық кітапханасында қоғамның рухани қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған маңызды кездесу өтті. Шараға кітапхана ұжымы толық қатысып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбы кеңінен талқыланды. Кездесудің негізгі мақсаты – террористік, діни экстремистік және деструктивті ағымдарға тартылатын адамдардың мінез-құлқы мен идеологиялық ұстанымдарының белгілерін түсіндіру, сондай-ақ қоғамда зайырлы құндылықтарды дәріптеу болды.

Іс-шараға Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Б. Абдрахман және «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ-нің теолог маманы Ұ. Құлтай арнайы шақырылды. Мамандар діни радикалды ағымдардың қоғамға тигізетін кері әсерін, олардың пайда болу жолдары мен идеологиялық негіздерін кеңінен түсіндіріп өтті. Теологтар радикалды идеялардың таралу арналарын нақты мысалдармен көрсетіп, оларды ерте тану әдістерін де бөлісті.

Б. Абдрахман өз сөзінде қазіргі таңда экстремистік ұйымдар әлеуметтік желілер мен бейресми интернет-уағыздарды жиі пайдаланатынын атап өтті. Оның айтуынша, дінге қызығушылық танытқан адамдардың барлығы бірдей сенімді ақпарат көзін ажырата алмайды. «Интернеттегі беймәлім уағызшыларға еру – адасудың басы. Дін саласында нақты білімі бар ресми мамандар ғана дұрыс бағыт-бағдар бере алады. Сондықтан кез келген діни ақпаратты тексеріп, сенімді дереккөздерден алу өте маңызды», – деді ол.

Ұ. Құлтай діни экстремизммен күрес тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін баса айтты. Оның пікірінше, отбасы мен еңбек ұжымдарында дұрыс көзқарас қалыптастыру, жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру – радикализмнің алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі. Теолог радикалды ағымдардың адамдарды арбау тәсілдері, әсіресе жастар арасында таралу қаупі туралы нақты деректер келтіріп, қатысушыларға оларды танудың жолдарын ұсынды.

Кездесу барысында кітапхана қызметкерлері белсенділік танытып, мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Талқылау барысында діни сауаттылықты арттырудың тиімді жолдары, тұрғындарға ресми ақпарат көздерін ұсыну, жастардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру және өңірдегі этносаралық келісімді нығайту мәселелері талданды. Мұндай пікір алмасу қатысушылардың діни мәселелерге қатысты түсінігін кеңейтіп, жалған ақпаратқа сын көзбен қарау дағдыларын қалыптастыруға сеп болды.

Іс-шара соңында қатысушыларға діни экстремизм мен терроризмнен сақтануға арналған арнайы үнпарақшалар таратылды. Онда радикалды ағымдардың белгілері, олардың ықпалынан қорғанудың негізгі қағидалары мен сенімді ақпарат көздерінің тізімі берілген. Кітапхана ұжымы мұндай шаралардың рухани тұрақтылықты сақтау және бейбітшілік пен келісімді нығайту ісінде үлкен рөл атқаратынын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Кентау қаласында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Жергілікті мекемелер мен қоғамдық ұйымдар бірлесіп өткізетін түсіндіру кездесулері қоғамның рухани мәдениетін көтеруге, тұрғындардың діни сауатын арттыруға және жалған идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыруға ықпал етуде. Осындай іс-шаралар ел бірлігін, тұрақтылық пен татулықты сақтаудың маңызды құралы болып қала береді.

Previous Post

Сауранда «Келешек мектептері» жобасы аясында 300 орындық мектеп ашылды

Next Post

Түркістан облысындағы «Самұрық-қазына» ақ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz