gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауранда «Келешек мектептері» жобасы аясында 300 орындық мектеп ашылды

28 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сауранда «Келешек мектептері» жобасы аясында 300 орындық мектеп ашылды
Share on FacebookShare on Twitter
Сауран ауданында 30 тамыз – Конститутция күні қарсаңында 300 орынға арналған «Келешек мектептері» жобасы аясында Сұлтанбек Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп ашылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен салынған білім ұясының ашылуына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, білім күнімен және Ата заңымыздың 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.
– Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 48 мыңнан астам оқушы қабылданды. Жыл сайын мектеп табалдырығын аттайтын балалардың көбеюі бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сауран ауданында 3 Келешек мектеп іске қосылуда. Бұл аудан терең тарихымен, еңбекқор халқымен ерекшеленеді. Сондықтан да мұндағы әрбір игі бастама ел рухын көтеріп, жас ұрпаққа тағылым берері анық. Ұлт қайраткері Сұлтанбек Қожанов атындағы 300 орындық жаңа білім ұясының ашылуы Үшқайық, Жалаңтөс, Теке ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш. Балаларымыздың болашағына жасалған қолдау, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.
Жаңа мектепте заманауи жабдықталған сыныптарда сапалы білім алуға және ұстаздар үшін еңбек етуге барлық жағдай жасалған. Екі қабаттан тұратын мектептің жалпы аумағы – 2 гектар. 115 орындық акт залы мен шеберхана, асхана мен кітапхана, спорт залы мен медициналық пункт бар. Бейнебақылау камералары орнатылған. Мектептің құрылыс жұмыстарын «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырмасымен «Ныш-Ер» ЖШС жүргізді.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы – ел болашағына жасалған маңызды инвестиция. Жоба аясында өңірімізде 29 Келешек мектептің құрылысы жүргізілді. Өткен оқу жылында 13 мектеп пайдалануға берілсе, ал биыл жаңа оқу жылында 16 мектеп пайдалануға тапсырылады деп жоспарлануда.
Previous Post

Кентау архивінде жат ағымдардан сақтану жайы түсіндірілді

Next Post

Кентауда кітапхана ұжымымен діни қауіпсіздік жайы талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz