gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда жастардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін нығайтуға арналған кездесу өтті

15 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда жастардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін нығайтуға арналған кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілікті күшейту және қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты насихаттау мақсатында маңызды кездесу ұйымдастырылды. Шара қалалық ішкі саясат бөлімінің бастамасымен және «Салауатты сана» жобасы аясында жүзеге асырылды. Іс-шараға Кентау көпсалалы колледжінің студенттері белсене қатысып, қоғамда жиі талқыланатын әлеуметтік мәселелер бойынша ой-пікірлерімен бөлісті.

Кездесуге Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Кентау қалалық филиалының басшысы Б. Әшірбаев, Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің заңгері Б. Шакиров және «Руханият» орталығы КММ-нің теолог маманы Ұ. Құлтай шақырылды. Қоғамдық келісімді нығайту жолында еңбек етіп жүрген бұл мамандар жастармен ашық диалог жүргізіп, қазіргі қоғамда алаңдататын басты мәселелердің бірі – құқық бұзушылық пен әлеуметтік кеселдерге қарсы күрес жайында кеңінен әңгімеледі.

Баяндамашылар өз сөздерінде «Бес кеселмен күрес – қоғам тұрақтылығының кепілі» тақырыбына ерекше тоқталды. Олар жастарға әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттың, деструктивті діни ағымдардың, сыбайлас жемқорлықтың, этносаралық араздықты қоздыру әрекеттерінің және заңды білмеуден туындайтын құқық бұзушылықтардың қоғамға тигізетін зардабын түсіндірді. Әсіресе, заң нормаларын сақтау мен азаматтық белсенділіктің әрбір жас үшін маңызды екенін нақты мысалдармен жеткізді.

Б. Әшірбаев этносаралық келісімді сақтау – көпұлтты Қазақстанның басты жетістігі екенін айта келіп, әр ұлттың мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарау арқылы қоғамдағы бейбітшілікті нығайтуға болатынын атап өтті. Заңгер Б. Шакиров студенттерге құқықтық сауаттылықтың тек жеке басын қорғап қана қоймай, әділдік пен жауапкершілікті дәріптеуде де маңызды екенін түсіндірді. Өз кезегінде теолог Ұ. Құлтай дін саласындағы сауатсыздықтың түрлі теріс ағымдарға еліктеуге әкелуі мүмкін екенін ескертіп, дәстүрлі құндылықтарды сақтаудың мәнін жеткізді.

Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, мамандарға түрлі сұрақтар қойды. Жастар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, интернет кеңістігіндегі жауапты мінез-құлық, қоғамдық тәртіпті сақтау және жастар ұйымдарының рөлі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, колледж студенттері өз ойларын ортаға салып, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерге бейжай қарамайтынын көрсетті.

Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың жастарға құқықтық мәдениет пен патриоттық сезімді қалыптастыруда үлкен рөл атқаратынын атап өтті. Бұл кездесу жастардың тек білім алып қана қоймай, өз елінің дамуына үлес қосатын саналы азамат болуына серпін бермек. Жастарға құқықтық тәртіпті сақтау, бейбітшілік пен келісімді бағалау – қоғамның әрбір мүшесінің ортақ міндеті екені ескертілді.

Кентауда өткен бұл түсіндіру жұмыстары – өңірдегі жастар саясатын дамытудың, олардың белсенділігі мен жауапкершілігін арттырудың айқын көрінісі. Қатысушылар шара соңында қоғамдағы бірлік пен ынтымақты сақтау – әр азаматтың саналы таңдауы екенін, ал құқықтық сауаттылық – өркениетті қоғамның басты тірегі екенін бірауыздан атап өтті.

Previous Post

Саурандағы сенбілікте 20 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

Next Post

«Таза Қазақстан»: Түркістан облысында өткен тазалық жұмыстарына 59 мыңнан астам адам қатысып, 189 тонна қоқыс шығарылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz