gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

2026 жылы Мақтаарал ауданы 100 пайыз газдандырылады

20 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
2026 жылы Мақтаарал ауданы 100 пайыз газдандырылады
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданы соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен облыс деңгейінде озық аудандардың қатарынан көрініп келеді. Әсіресе, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобалар жүйелі түрде жүзеге асып, ел игілігіне қызмет етуде.

Соның айқын дәлелі ретінде ауданда елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстарының ауқымды жүргізіліп жатқанын айтуға болады. Бүгінде аудандағы 68 елді мекеннің 54-і газ жүйесімен қамтылған. Бұл жалпы елді мекендердің 79 пайызы көгілдір отынға қол жеткізді деген сөз.

Былтырғы жылы және биыл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында бюджеттен жалпы 8,5 миллиард теңге қаржы бөлініп, 23 елді мекеннің ішкі газ жүйелері бойынша құрылыс жұмыстары басталған болатын. Аталған жобалар бүгінде нақты нәтижесін бере бастады. Жыл басынан бері Тұран, Қарақыр, Ырысты, Арайлы, Өнімкер, Достық, Жеңіс, Мырзатөбе және Гүлістан елді мекендері табиғи газға қосылды.

Қалған елді мекендерде де құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін барлық жұмыс кезең-кезеңімен аяқталып, тұрғындар толықтай көгілдір отын игілігін көретін болады.

Жалпы, 2026 жылдың соңына дейін Мақтаарал ауданы 100 пайыз газдандырылып, тұрғындардың тұрмыс сапасы жаңа деңгейге көтеріледі деп күтілуде. Аудан әкімдігі мен тиісті мекемелердің үйлесімді жұмысының арқасында іске асып жатқан бұл жобалар Мақтааралдың тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді. Айта кетейік, табиғи газға қол жеткізу тек жайлылық емес, сонымен қатар кәсіпкерлікке, ауыл шаруашылығына, өңір экономикасына жаңа серпін беретін маңызды фактор болып табылады.

Previous Post

Қазығұрт ауданында жарық мәселесі оң шешімін табуда

Next Post

Түркістанда тазалық жұмыстары жүргізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz