gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда тазалық жұмыстары жүргізілді

20 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда тазалық жұмыстары жүргізілді
Share on FacebookShare on Twitter

20 қыркүйек күні еліміз бойынша World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күні аясында экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған республикалық тазалық акциясы өтті. Осы бастамаға үн қосқан Түркістан облысында қоршаған ортаны қорғау, табиғи аумақтарды сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

Акцияға Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Сырдария–Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қызметкерлері мен инспекторлары белсене қатысты. Олар өңірдің экологиялық тепе-теңдігін сақтауға бағытталған тазалық шараларына үлес қосып, туған жердің табиғатына жанашырлық танытты.

Сенбілік барысында паркке қарасты Сырдария, Түркістан және Боралдай филиалдарында тазалық жұмыстары жүргізілді. 50-ге жуық қызметкер өз күшін біріктіріп, табиғи аумақтарды қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Жиналған қалдықтар белгіленген орындарға шығарылып, демалыс аймақтары мен өзен жағалауларындағы экологиялық ахуал жақсартылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар табиғатты аялауға бағытталған қоғамдық жауапкершілікті арттырып қана қоймай, жастар мен тұрғындарға экологиялық мәдениеттің маңыздылығын түсіндіруге ықпал етеді. Дүниежүзілік тазалық күні аясындағы сенбілік – Түркістан өңірінің қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары деңгейдегі көзқарасының айқын көрінісі.

Previous Post

2026 жылы Мақтаарал ауданы 100 пайыз газдандырылады

Next Post

Таза Қазақстан: Төлеби ауданында коммуналдық сала жаңа техникамен толықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz