gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шардарада «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүйелі жұмыстар жалғасуда

14 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Шардарада «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүйелі жұмыстар жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы еліміз бойынша кең көлемде жүзеге асырылуда. Аталған игі бастама Шардара ауданында да қарқынды қолдау тауып, нақты нәтижелерін бере бастады. 2025 жылдың қаңтар–тамыз айлары аралығында аудан аумағында жүздеген сенбіліктер ұйымдастырылып, қоршаған ортаны таза ұстау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, жастарды туған жерге жанашырлықпен қарауға баулу бағытында бірқатар іс-шаралар атқарылды.

Экологиялық акцияның аудан көлемінде табысты жүзеге асуына Шардара аудандық әкімдігімен қатар, аудандық жастар ресурстық орталығы, ардагерлер кеңесі, ауылдық округ әкімдіктері, №16 колледж студенттері мен өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері, облыстық жастар ресурстық орталығы, сондай-ақ еріктілер, спортшылар мен тұрғындар белсене атсалысты. Тазалық жұмыстары Шардара қаласының Төлеби көшесі бойындағы желілік саябақтарда, Тұңғыш Президент саябағында, «Болашақ» саябағында, Ұзын ата кесенесінде, ҰОС батырларына арналған ескерткіштерде, қоқыс полигондары мен Шардара–Абай тас жолының бойында (Келес ауданы шекарасына дейін) және барлық ауылдық округтер мен елді мекендерде өткізілді.

Жыл басынан бері аудан бойынша 74 сенбілік ұйымдастырылып, 7000-нан астам ерікті жастар мен тұрғындар қатысып, жүздеген тонна тұрмыстық қалдықтар жиналып, арнайы полигондарға шығарылды. Бұл жұмыстарға коммуналдық қызмет мамандары, арнайы техникалар мен жастар ұйымдары жұмылдырылды. Наурыз айында «Болашақ» саябағында өткен жаппай сенбілікке 2000-нан астам ерікті қатысып, 5400 түп ағаш көшеті отырғызылды. Бұдан бөлек, №16 колледж студенттері «Менің ағашым» акциясы аясында қосымша ағаштар отырғызса, Шардара су қоймасы жағалауында төрт рет тазалық жұмыстары жүргізілді.

Акция аясында түрлі форматтағы жобалар мен сайыстар ұйымдастырылды. Ауданның 60 жылдығына орай бастау алған «Эко-марафон» барлық ауылдық округтерді қамтыды. «Экоплоггинг» сайысы арқылы жастар арасында табиғатты аялау мен салауатты өмір салты қатар насихатталды. «Таза әлем – баршаға ортақ іс!» атты плоггинг Шардара су қоймасы маңында өткізіліп, қатысушылар экологиялық тазалық пен белсенді өмір салтының үлгісін көрсетті. Сонымен қатар «Таза Like», «Таза қала – таза ауыл», «Таза өлке» жобалары арқылы елді мекендердің тазалығын сақтауға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілді. Ұзын ата кесенесі маңында өткен сенбіліктер арқылы тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен абаттандыру мәселесіне назар аударылса, «Болашақ» саябағында «Алғыс айту күніне» орай ұйымдастырылған сенбіліктер тұрғындардың ауызбіршілігін тағы бір мәрте айқындап берді. 13 шілдеде Балық шаруашылығы күніне орай өткізілген сенбілік те су ресурстарын қорғауға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ауылдық округтер арасында да белсенділік байқалды. Атап айтқанда, Сүткент, Ұзын ата, Алатау батыр, Қ.Тұрысбеков және Достық ауылдық округтерінде 24 рет сенбілік ұйымдастырылып, көше мен қоғамдық орындар тазаланды, ағаштар отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шаралар ауылдардың экологиялық мәдениетін көтеруге, тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыруға септігін тигізуде.

Жалпы, аудан халқы бұл бастамаға үлкен жауапкершілікпен қарап, ұйымшылдық танытуда. Әсіресе жастар, еріктілер мен ардагерлердің белсенділігі жоғары болды. Дегенмен, кейбір тұрғындардың тұрмыстық қалдықты дұрыс тастамауы, қоқыс тастау мәдениетінің толық қалыптаспауы сынды мәселелер де орын алып отыр. Бұл келешекте түсіндіру және тәрбиелік жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін көрсетеді.

«Таза Қазақстан» акциясына еліміздің болашағына, экологиясына, ұрпақ санасына бағытталған өміршең бастама деп қарауға болады. Мемлекет басшысының осындай нақты әрі қажетті қадамы бүгінде халықтың қолдауына ие болып, нақты істермен жалғасуда. Шардара ауданы бұл бағытта үздік үлгі көрсетіп, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға, тұрғындардың ортақ іске жұмылуына мүмкіндік беріп отыр. Бұл игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасып, туған жердің көркеюіне өз үлесін қоса беретіні сөзсіз.

 

 

Previous Post

Шардара көгілдір отынмен қамтылу көрсеткіші жоғары аудандардың қатарында

Next Post

Түркістанда орта азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz