gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шардара көгілдір отынмен қамтылу көрсеткіші жоғары аудандардың қатарында

14 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Шардара көгілдір отынмен қамтылу көрсеткіші жоғары аудандардың қатарында
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі таңда елімізде тұрғындарды табиғи газбен қамту әлеуметтік маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Бұл бағытта Түркістан облысына қарасты Шардара ауданында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізілуде.

Шардара ауданының 10 ауылдық округі мен аудан орталығы – Шардара қаласы толық табиғи газбен қамтылған. Жалпы, аудан аумағындағы 22 елді мекеннің 15-і (68,1%) көгілдір отынға қосылған. Бұл елді мекендерде 82 576 адам тұрады, яғни аудан халқының 97,5 пайызға жуығы бүгінде табиғи газдың игілігін көріп отыр.

Газбен қамтылмаған 7 елді мекенде (Құйған, Бимырза, Қуанқұдық, Бозай, Айдаркөл қашар, Баспанды, Жоласар) 2068 тұрғын мекендейді. Бұл аудан халқының небәрі 2,5 пайызын құрайды. Алайда, бұл елді мекендерді де газдандыру назардан тыс қалған жоқ. Тиісті жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Мәселен, Қуанқұдық пен Бозай ауылдарын газдандыру бойынша 2025 жылға арналған жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу демеушілер есебінен қолға алынып отыр. Бүгінде осы бағытта жер телімдеріне құқық белгілейтін құжаттар рәсімделуде. Айта кетерлігі, бұл жоба Шардара ауданының туризм аймағын, атап айтқанда «Алтын жағажай» демалыс аймағын да болашақта газбен қамтуға жол ашпақ.

Ал, Айдаркөл қашар, Баспанды және Жоласар елді мекендері бойынша 2026 жылға арналған ЖСҚ әзірлеу аудандық бюджет есебінен жоспарланған. Қазіргі таңда құжаттамаларды дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Құйған мен Бимырза ауылдары географиялық тұрғыдан шалғай орналасқан елді мекендер саналады. Оларды орталықтандырылған газ жүйесіне қосу – экономикалық тұрғыда тиімсіз деп танылған. Дегенмен, баламалы шешімдер қарастыру күн тәртібіндегі мәселе ретінде сақталып отыр.

Шардара ауданындағы газдандыру бағытындағы атқарылып жатқан бұл жұмыстар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытып, тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың табысты жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Бүгінгі таңда табиғи газ  ауылдағы шағын кәсіпкерлікке серпін беретін, экологиялық таза әрі үнемді энергия көзіне айналды. Сонымен қатар, туризм саласын дамытуда да газдандыру шешуші факторлардың бірі саналады.

Previous Post

Қазығұртта экологиялық мәдениетті нығайтқан сенбілік өтті

Next Post

Шардарада «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүйелі жұмыстар жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz