gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазығұртта экологиялық мәдениетті нығайтқан сенбілік өтті

13 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қазығұртта экологиялық мәдениетті нығайтқан сенбілік өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын қолдау мақсатында ауқымды жалпы аудандық сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға үш мыңнан астам тұрғын белсене қатысып, ауылдық округтердің барлығында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді.

Сенбілікке мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, білім, денсаулық сақтау және мәдениет саласының өкілдерімен қатар ауыл тұрғындары мен жастар да жұмылды. Арнайы техникалардың көмегімен тұрмыстық қалдықтар белгіленген орындарға шығарылып, жалпы көлемі 30 тоннаға жуық қоқыс тазартылды. 50-ге жуық техника жұмысқа тартылды.

Тазалық шарасында арамшөптер шабылып, жасыл желектер суарылды, ағаштар әктеліп, гүлзарлар мен қоғамдық аумақтар ретке келтірілді. Бұл жұмыстар ауданның санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, экологиялық мәдениетті арттыруға да сеп болды.

Аудан әкімі Азизхан Исмаилов сенбілік өткізіліп жатқан ауылдарды аралап, ұйымдастырылған жұмыстардың барысымен танысты. Ол жауапты сала басшыларына аудан аумағында тазалық мәдениетін күшейту, тұрғындарды белсенді түрде жұмылдыру және мұндай шараларды тұрақты түрде өткізуді тапсырды.

Экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған сенбілік Қазығұрт жұртшылығының бірлігін, туған жерге деген қамқорлығын тағы бір мәрте айқындады.

Previous Post

Бәйдібекте сенбілік серпінді өтті

Next Post

Шардара көгілдір отынмен қамтылу көрсеткіші жоғары аудандардың қатарында

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz