Бүгін Бәйдібек ауданының орталығында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру және елді мекендердің тазалығын қамтамасыз ету мақсатындағы шараға аудан әкімі аппаратының басшысы Фазылбек Әуен бастаған мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, еріктілер және аудан тұрғындары белсене қатысты.
Сенбілік барысында көшелер бойындағы қосқыстар мен арық-атыздар қоқыстан тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Сонымен қатар, саябақтар мен қоғамдық орындар ретке келтіріліп, құрғаған ағаштар алынып тасталды. Бұл жұмыстар ауданның көркін жақсартып қана қоймай, тұрғындар арасында экологиялық мәдениет пен ортақ жауапкершілікті нығайтуға бағытталды.
Аудан басшылығы мұндай игі бастамалардың тұрғындарды табиғатты аялауға, туған жерді таза ұстауға баулып, қоғамда бірлік пен ынтымақты арттыра түсетінін атап өтті. Сенбілік шаралары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын таппақ.



