gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісайда өткен сенбілікке 3 мың тұрғын қатысты

20 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жетісайда өткен сенбілікке 3 мың тұрғын қатысты
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс көлемінде жарияланған «World Clean Up Day» халықаралық акциясы аясында Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» атты кең ауқымды экологиялық шара өтті. Бұл сенбілік өңірдегі тазалық мәдениетін арттырып қана қоймай, табиғатқа жанашырлық пен туған жерге деген жауапкершілік сезімін нығайтуды мақсат етті.

Акцияға жалпы саны үш мыңға жуық жетісайлық қатысты. Олардың ішінде 205 мемлекеттік қызметші, отызға жуық жергілікті мәслихат депутаттары мен мәслихат аппаратының қызметкерлері, үш жүз ерікті жас және аудан тұрғындары бар. «Тазалық өзімізден басталады» ұранын ұстанған қатысушылар аудан аумағындағы бей-берекет қоқыс орындарын, «Достық» магистральды каналының К-26 арнасын, аудан кіреберісін, «Шардара» су қоймасының Жетісайға қарасты аймағын және қала орталығындағы саябақты тазалады. Сонымен бірге арам шөптер шабылып, жасыл желек өңделді.

Аудан әкімі Серік Мамытов сенбілікке белсенді қатысқан тұрғындарға ризашылығын білдірді.
– «Тазалық – саулықтың кепілі. Әрбір азамат ең алдымен өз ауласын, өз көшесін таза ұстауға дағдыланса, өскелең ұрпаққа туған жерге деген сүйіспеншілік пен жоғары мәдениеттілік үлгісін көрсете аламыз», – деді.

Сенбілік қорытындысында мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, қатысушылар көтеріңкі көңіл күйде тарқасты. Тазалық жұмыстарына 26 арнайы техника жұмылдырылып, 110 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық Мақталы ауылдық округіндегі полигонға тасымалданды.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру – қоғамның ортақ міндеті. Жетісайлықтардың бұл бастамасы өңір тұрғындарына үлгі болып, табиғатты аялаудың маңызын тағы бір мәрте айқындады.

Previous Post

Кентаулықтар сенбіліке белсенді қатысты

Next Post

Созақта жалпыаудандық сенбілік өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz