gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Созақта жалпыаудандық сенбілік өтті

21 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Созақта жалпыаудандық сенбілік өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының аудандарында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған игі істер жалғасуда. Бүгін Созақ ауданы аумағында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «World Clean-up Day» Дүниежүзілік тазалық күні аясында кең көлемді жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды.

Көркейту және көгалдандыру жұмыстары аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында. Сенбілік барысында аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың аулаларын аралап, қосымша атқарылар жұмыстарды нақтылады. Ол тазалық шараларының маңыздылығын атап өтіп, тұрғындарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Экологиялық шараға барлық мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен белсенді жастар белсене қатысты. Тазалық жұмыстары кезінде аялдамалар мен ішкі көшелер тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, саябақтар мен қоғамдық орындар ретке келтірілді. Бұлақтар мен арық бойлары аршылып, көше бойындағы талдардың түптері әктелді.

Жалпы сенбілікке 2500-ге жуық тұрғын, мекеме қызметкерлері мен жастар жұмылдырылып, 20-ға тарта арнайы техника пайдаланылды. Нәтижесінде көшелер мен аяқ жолдар тазартылып, полигондарға 3,5 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Мұндай шаралар өңірдегі тазалық мәдениетін арттырып қана қоймай, тұрғындардың туған жерге деген қамқорлық сезімін нығайтады. Аудан әкімдігі алдағы уақытта да табиғатты қорғау және көркейту жұмыстары жүйелі түрде жалғасатынын мәлімдеді.

Previous Post

Жетісайда өткен сенбілікке 3 мың тұрғын қатысты

Next Post

Бәйдібек ауданында «Дүниежүзілік тазалық күніне» орай сенбілік өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz