gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Министр Арман Шаққалиев бағаны тұрақтандыруға бағытталған қосымша шараларды жариялап,кең көлемді «Береке Fest» акциясының өтетінін хабарлады.

22 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Министр Арман Шаққалиев бағаны тұрақтандыруға бағытталған қосымша шараларды жариялап,кең көлемді «Береке Fest» акциясының өтетінін хабарлады.
Share on FacebookShare on Twitter

Сауда министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің сақталуын бақылауды күшейтуде. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің төрағалығымен еліміздің барлық өңірлерінен 80-нен астам сауда желілерінің өкілдері қатысқан кеңейтілген отырыс өтті. Іс-шараға Қазақстан сауда желілері қауымдастығы, облыс әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Magnum Cash&Carry, Small&Skif,Anvar, Dina, Dana, Norma, Metro, Toimart, Galmart, INMART, Greenwich және басқада ірі сауда желілері қатысты.

Министр Үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15% мөлшеріндегі сауда үстемесін сақтау қажеттігін еске салып, бұзушылық орын алған жағдайда қатаң шаралар қолданылатынын ескертті. Жыл басынан бері Министрліктің аумақтық департаменттері 2562 әкімшілік қаулы қабылдады, оның ішінде 1360-ы – 56,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл, 1202-і – ескерту. ӘҚБтК-нің 204-4-бабына сәйкес ӘМАТ-қа сауда үстемесін асырып жібергені үшін 2191 қаулы шығарылды, соның ішінде 1020-сы – 39,6 млн теңгеге айыппұл салынды.

Ет өнімдері нарығында белгіленген сауда үстемесінің сақталуына ерекше назар аударылды. Әлеуметтік маңызы бар сиыр етіне үстеме бағаны асырғаны үшін 45 қаулы рәсімделді, оның 33-і – айыппұл. Сауда министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, етөнімдерін сауда орындарына жеткізу кезінде үстеме бағаның сақталуын бақылау үшін қосымша мониторингтік топтар құруда. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы баразық-түлік тауарларын өткізуде жасырын қымбаттау схемаларын және ретро-бонустарды алып тастауға бағытталған заңнамалық өзгерістер дайындалып жатыр.

Аймақтық комиссиялардың жұмысы аясында жыл басынан бері 747 отырыс өткізіліп, 2301 бұзушылық фактісі анықталды, 1956 әкімшілік қаулы қабылданды, 345 өнімсіз делдалдар алынып тасталды. Электронды шот-фактураларды талдау барысында 9015 мың тауарлықтізбектің ішінен 823 тәуекелді бұзушылық анықталды.

Бұдан бөлек, Сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен еліміздегі ірі сауда желілерінде «БерекеFest» акциясы басталатынын хабарлаймыз. Акция аясында жаңа өнімдер, әсіресе халықтың сұранысына ие жаңа піскен көкөністер, жемістер мен сиыр еті ұсынылады. Сауда желілері қазақстандық өндірушілер үшін арнайы орындар бөліп, өнімдерді нарықтан төмен бағада сатуға мүмкіндік береді. Бұл ішкі өндірісті қолдап қанақоймай, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік бағасының тұрақтануына ықпал етеді. Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі мен жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, өңірлерде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің саны көбейтіліп жатыр. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың сапалы отандық тауарларға тікелей қол жеткізуінежағдай жасап, делдалдардың соңғы бағаға ықпалын төмендетеді.

Previous Post

Кентауда жастар арасында құқықтық мәдениет пен ел бірлігі насихатталды

Next Post

Түркістан облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты белсенді түрде жүзеге асырылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz