gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Байылдыр ауылында діни тұрақтылық пен ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған кездесу өтті

8 октября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Байылдыр ауылында діни тұрақтылық пен ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласына қарасты Байылдыр ауылындағы №9 С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектепте қоғамдағы діни тұрақтылық пен ұлттық құндылықтарды сақтау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты — теріс діни ағымдардың алдын алу, жастардың діни сауаттылығын арттыру және ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды насихаттау болып табылады.

Кездесуге “Кентау қалалық Руханият орталығы” КММ-нің теолог маманы Ұ.Құлтай мен инспекторы Б.Самбетов қатысты. Мамандар дін мен зайырлылықтың ара-жігін дұрыс түсіну, теріс ағымдардың қоғамға тигізер кері әсері және ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелері төңірегінде мазмұнды баяндама жасады.

Теолог мамандар қазіргі заманда теріс діни ағымдардың ақпараттық кеңістікте белсенді әрекет етіп жатқанын атап өтті. Олар жастардың діни сауатты болуы — қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің басты кепілі екенін түсіндірді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен түрлі интернет ресурстарындағы жалған діни үгіт-насихатқа сақтықпен қарау қажеттігі ескертілді.

Кездесу барысында ұлттық құндылықтардың ел бірлігін сақтаудағы маңызына да ерекше назар аударылды. Ұ.Құлтай мен Б.Самбетов жастарға ата-баба дәстүрін қастерлеу, үлкенді құрметтеу, отансүйгіштік пен жауапкершілік сезімін күшейту жайында тағылымды ойлар айтты.

Мектеп ұжымы мен оқушылар бұл кездесуді үлкен қызығушылықпен қабылдап, мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Мұндай ақпараттық-түсіндіру шаралары жастардың діни сауаттылығын арттырумен қатар, ел ішінде тұрақтылық пен бірлікті сақтауға елеулі үлес қосады.

Previous Post

Тұрғындар жеке қабылдауда түйткілді мәселелерді көтерді

Next Post

Кентауда этномедиация алгоритмі түсіндірілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz