gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Нұралхан Көшеров тұрғындардың мәселелерін тыңдады

17 октября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Нұралхан Көшеров тұрғындардың мәселелерін тыңдады
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініш-талаптарын тыңдады. Қабылдауға Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Сарыағаш, Мақтаарал аудандарынан келген тұрғындар, негізінен, әлеуметтік көмек, жер мәселесі, тұрғын үй сапасы және инфрақұрылымға қатысты мәселелерді көтерді.
Кентаулық азамат Кентау қаласынан мүгедектігі бар балаларға арналған инклюзивті орталық салу бойынша ұсынысын айтып, ғимараттарға пандус орнату, мемлекет тарапынан берілетін қажетті қолдауларды алу мәселелерін көтерді. Облыс басшысы мүмкіндігі шектуелі азаматтардың қолайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалу керек екенін айтып, жауапты тұлғаларға зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Түркістандық кәсіпкер коммуналдық мемлекеттік мекемеге қарасты балабақшаны сенімгерлік басқаруға беру мәселесін қозғаса, тағы бір тұрғын жекеменшік балабақшасын қаржыландыруды сұрады. Одан бөлек, Түркістандағы тұрғын үйлердегі ақаулықтарды ретке келтіру, Мақтараал ауданындағы кеден бекеті маңындағы заңсыз құрылыстар, газ нысанын тарту, жұмыс және өзге де өзекті мәселелерді ортаға салды.
Нұралхан Көшеров тұрғындар көтерген әрбір мәселе назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Ұсыныстар мен өтініштерді жеке зерделеп, тиісті басқарма басшылары және аудан, қала әкімдерімен бірге шешу жолдарын қарастырды. Кейбір мәселелер сол мезетте шешімін тапса, күрделі мәселелер бақылауға алынып, заң аясында шешу жолдары қаралатын болды.
Айта кетейік, облыс әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тұрақты түрде жалғастыратын болады. Жеке қабылдауға жазу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы және «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.
Previous Post

«Ұлт руханияты және Жәнібеков тағылымы» Халықаралық форумы өтті

Next Post

Түркістанда рухани келісім күніне орай кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz