gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Ұлт руханияты және Жәнібеков тағылымы» Халықаралық форумы өтті

17 октября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Ұлт руханияты және Жәнібеков тағылымы» Халықаралық форумы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан Оқушылар сарайында «Ұлттық құндылықтар академиясы» РҚБ-нің Түркістан облыстық филиалының ашылуына орай «Ұлт руханияты және Жәнібеков тағылымы» халықаралық форумы өтті.

Форумның басты мақсаты – заманауи мүмкіндіктер мен сын-қатерлер тұсында ұлттық құндылықтардың танымдық және тағылымдық негізінде білім мен тәрбиенің біртұтастығын қамтамасыз ету, этностық жәдігерлерімізді, ұлт руханиятын және Өзбекәлі Жәнібек секілді тарихи тұлғалардың тағылымын дәріптеу.

Жиынға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қарақалпақстаннан келген ғалымдар, «Ұлттық құндылықтар академиясының» мүшелері, Түркістан қаласы әкімдігінің өкілдері, білім басқармалары, ақсақалдар алқасы, қалалық және облыстық мұражай орталықтары, қоғамдық ұйымдар, ЖОО оқытушылары мен педагогтер қатысты.

Ұлттық құндылықтар академиясының төрағасы, Химия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан ПҒА академигі Әділхан Төлегенұлы филиалдың Түркістанда ашылуын тек қуаныш емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік екенін атап өтіп, ұлттық құндылықтарды насихаттау жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.

Форум аясында ұлттық құндылықтар тақырыбындағы оқу-танымдық әдебиеттер көрмесі мен қолөнершілер көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, академия мүшелігіне тіркеу куәліктері табысталды.

«Ұлттық құндылықтар академиясы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Индира Сарқытқызы өз сөзінде: “Бұл форум білім мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, ұлттық құндылықтарымыздың дамуына үлес қосатын маңызды алаң. Осындай шараларда жерлестеріміздің көптеп қатысуы және филиалдың Түркістан өңірінде ашылуы біз үшін үлкен қуаныш. Ұлттық мұрамызға үлес қосу жолында еңбек етеміз деп сенім білдіремін” – деді.

Форум барысында баяндамашылар Өзбекәлі Жәнібеков және ұлттық құндылықтар тақырыбында тың идеялар мен ұсыныстарын ортаға салды. Шара білім мен тәрбиенің біртұтастығын нығайтып, тәжірибе алмасуға жол ашты.

Previous Post

Кентауда діни экстремизмнің алдын алу шаралары өтті

Next Post

Нұралхан Көшеров тұрғындардың мәселелерін тыңдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz