gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда діни экстремизмнің алдын алу шаралары өтті

17 октября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда діни экстремизмнің алдын алу шаралары өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласындағы Ясауи даңғылының тұрғындарына діни экстремизмнің алдын алу бағытында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шара қоғамдағы діни тұрақтылық пен рухани қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Шараны “Кентау қалалық Руханият орталығы” КММ ұйымдастырды. Орталықтың теолог мамандары А.Ибраева мен Ш.Нұрулла және социолог С.Түгелбаева тұрғындармен ашық әңгіме жүргізіп, қоғамға қауіп төндіретін жат діни ағымдардың табиғаты мен олардың теріс идеологиясының салдарын жан-жақты түсіндірді.

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда деструктивті діни ағымдардың ықпал ету тәсілдері күн сайын түрленіп, жастарға интернет пен әлеуметтік желілер арқылы әсер ету жиілеген. Сондықтан қоғамның, әсіресе жас буынның діни сауатын арттыру – уақыт талабы.

Кездесу барысында «Жат діни идеология жақтаушыларының мақсаты», «Жат ағымның жастарға әсері», «Деструктивті діни ағым мүшелерінің портреті», «Қаратау тәжі» секілді маңызды тақырыптар қозғалды. Мамандар қатысушыларға осы тақырыптар бойынша ақпараттық бүктемелер таратып, әрбір сұраққа нақты әрі түсінікті жауап берді.

Тұрғындар да өз кезегінде қоғамдағы діни ахуалға қатысты ой-пікірлерін білдіріп, діни ағымдардың таралуының алдын алу бойынша пікір алмасты. Әсіресе жастардың рухани иммунитетін қалыптастыру, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі діннің негіздерін дәріптеу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Мамандардың айтуынша, тұрақты түрде жүргізілетін алдын алу шаралары арқылы тұрғындардың діни сауаты артып, түрлі теріс пиғылды идеологияларға қарсы тұру қабілеті күшейеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса түспек.

Previous Post

Қазақстандықтарға 555 млрд теңгеге астам сомада мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төленді

Next Post

«Ұлт руханияты және Жәнібеков тағылымы» Халықаралық форумы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz