gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда ел бірлігін нығайтуға бағытталған ауқымды кездесу өтті

9 октября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда ел бірлігін нығайтуға бағытталған ауқымды кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында қоғамдағы өзара сыйластық пен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтын нығайту және ел бірлігін сақтау мақсатында маңызды іс-шара өтті. Бұл жиын «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» және «Салауатты сана» жобалары аясында ұйымдастырылып, жас ұрпақтың бойында отбасылық жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға арналды.

Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залында өткен басқосуға 8-9 сынып оқушылары, ұстаздар және қаладағы түрлі мекеме мен ұйымдардың өкілдері қатысты. Кездесуге Кентау қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы М.Кривенцова, Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің Кентау қалалық филиалының маманы А.Құрманбаева, қалалық емхананың «Алау» жастар денсаулық орталығы меңгерушісі Р.Утебаева, психолог Н.Смайлова, қалалық Отбасын қолдау орталығының психологы Н.Оспанова, полиция бөлімінің зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы полиция лейтенанты М.Құттыбаева, белсенді Г.Жақсылықова және қалалық Жастар ресурстық орталығының заңгері Б.Шакиров қатысты.

Жиын барысында мамандар жастарға отбасындағы сыйластық пен өзара құрметтің маңызы туралы кеңінен түсіндірді. Кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдерге отбасылық құндылықтарды қадірлеуді, өз құқықтары мен міндеттерін білуді және салауатты қарым-қатынас орнатуды үйрету. Сонымен қатар, қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігінің отбасы тәрбиесінен басталатыны ерекше атап өтілді. М.Кривенцова өз сөзінде: «Қоғамның берік болуы – отбасының берік болуынан басталады. Егер әр үйде татулық пен сыйластық орнаса, ел ішінде де бірлік пен тұрақтылық нығаяды. Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне немқұрайлы қарауға болмайды», – деді.

Күн тәртібіне сәйкес, «Салауатты сана» жобасы аясында жасөспірімдер арасында жиі кездесетін әлеуметтік мәселелер қозғалды. Атап айтқанда, ерте жүктіліктің алдын алу, нашақорлық пен зиянды әдеттерден сақтану, құмар ойындарына (лудоманияға) тәуелділік, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм мен ысырапшылдықтың салдары туралы түсіндірілді. Мамандар бұл мәселелердің тек құқық қорғау органдарының ғана емес, ата-аналардың, ұстаздардың және жалпы қоғамның ортақ міндеті екенін жеткізді. А.Құрманбаева атап өткендей: «Жастарға тек ақпарат беру жеткіліксіз. Біз олардың бойында жауапкершілік пен салауатты өмір салтын ұстану мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Бұл елдің болашағына тікелей әсер етеді», – деді ол.

Жиын барысында полиция инспекторы М.Құттыбаева жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың салдары мен заң алдындағы жауапкершілік туралы жан-жақты түсіндірме берді. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларында қайда жүгіну керектігі және құқықтық көмек алу жолдары айтылды. Психологтар мен заңгер мамандар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өмірлік тәжірибеге сүйене отырып бағыт-бағдар көрсетті.

Кездесу еркін форматта өтті. Қатысушылар өз пікірлерін ашық білдіріп, қоғамдағы өзекті тақырыптар бойынша сұрақтар қойды. Мамандар жастарды өз өміріне жауапкершілікпен қарауға, отбасында және қоғамда сыйластық пен түсіністік орнатуға шақырды.

Кездесу соңында ұйымдастырушылар мұндай шаралардың маңыздылығын ерекше атап өтті. Отбасы құндылықтарын дәріптеу арқылы қоғамдағы өзара сенімділікті арттыру, ұлт бірлігі мен татулықты сақтау – баршаның ортақ міндеті екені айтылды. Мұндай іс-шаралар Кентау қаласында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Previous Post

Кентауда этномедиация алгоритмі түсіндірілді

Next Post

Түркістанда Райымбек Сейтметов театрына жаңа автобус табысталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz