gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда Аналар кеңесінің отырысында ел бірлігі мен отбасылық құндылықтар талқыланды

19 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда Аналар кеңесінің отырысында ел бірлігі мен отбасылық құндылықтар талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ІІІ тоқсанға арналған кезекті отырысы қалалық жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында өтті. Бұл жиында қоғамдағы маңызды әлеуметтік мәселелер, ел бірлігі мен отбасылық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ жастар тәрбиесіне қатысты бірқатар өзекті тақырыптар талқыланды.

Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бастамаларды жүзеге асыру жолдары, жастар арасында жиі орын алатын келеңсіз оқиғалардың алдын алу тетіктері және «Мәдениетті ана — мәдениетті ұлт», «Салауатты сана», «Бес кесел» жобалары аясындағы жұмыс жоспары қаралды. Жиынға Аналар кеңесінің мүшелерімен бірге қалалық емхананың «Алау» жастар орталығы, жастар ресурстық орталығы, отбасын қолдау бөлімі, білім бөлімінің және полиция қызметінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар жаңа оқу жылына арналған кешенді іс-шаралар жоспарын талқылап, жастар арасында түсіндіру жұмыстары мен кездесулерді бірлесіп өткізу туралы уағдаласты. Атап айтқанда, қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында қала мектептері мен колледждерінде жастардың салауатты өмір салтын ұстануына, құқықтық сауаттылығын арттыруға және жат әдеттерден сақтануына бағытталған түсіндіру шаралары жоспарланды.

Қалалық Аналар кеңесінің төрайымы өз сөзінде ел бірлігі мен тұрақтылығын сақтауда отбасының рөлі ерекше екенін атап өтті. «Біздің қоғамымыздың іргетасы — мықты отбасы. Ұлттың болашағы ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Ана тәрбиесі – адамгершіліктің бастауы, ұлт руханиятының негізі. Біз Жолдауда айтылған бастамаларды қолдай отырып, оны отбасылық құндылықтарды нығайту арқылы жүзеге асыруға дайынбыз», — деді ол.

Отырыста қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің алдын алу шараларына да баса назар аударылды. «Салауатты сана» жобасы аясында ерте жүктіліктің, нашақорлықтың, құмар ойындарға тәуелділіктің, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен вандализмнің алдын алу — басты басымдықтардың бірі екені айтылды. Бұл бағытта ата-аналар мен педагогтардың, медицина және құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы маңызды рөл атқарады.

Аналар кеңесінің мүшелері «Мәдениетті ана — мәдениетті ұлт» жобасы аясында қоғамдағы отбасылық дәстүрлер мен құндылықтардың маңыздылығына ерекше тоқталды. Бала тәрбиесінде ата-ананың жеке үлгісі, ата мен әженің ақыл-кеңесі мен өнегесі, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сыйластығы — салауатты қоғамның тірегі екендігі атап өтілді. Сонымен қатар, балалардың спортпен шұғылдануы, кітап оқуға қызығушылығын арттыру, пайдалы демалысты ұйымдастыру сынды нақты шаралар отбасы институтын нығайтуда шешуші рөлге ие екені айтылды.

Жиында қатысушылар пікір алмасып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-шараларды үйлестіру жөнінде ұсыныстар берді. Әсіресе, жастар мен ата-аналарға арналған түсіндіру кездесулерін жиі өткізу, мектептер мен жоғары оқу орындарында ашық диалог алаңдарын ұйымдастыру және этносаралық татулық пен ел бірлігін нығайту бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігіне назар аударылды.

Аналар кеңесінің мүшелері бұл бастамаларды жүзеге асыруда мемлекеттік құрылымдармен және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істеудің маңызы зор екенін атап өтті.

Отырысты қорытындылай келе, қатысушылар ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтау жолында бірлесе жұмыс істеу – баршамыздың ортақ парызымыз деген пікірге келді.

Previous Post

Кентауда жастарға арналған «Бейбітшілік пен келісім сабақтары» өтті

Next Post

Қазығұрт ауданында жарық мәселесі оң шешімін табуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz