gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Чайка» автокөлігінің алғашқы үлгісі Қызылордада сақтаулы

20 октября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Чайка» автокөлігінің алғашқы үлгісі Қызылордада сақтаулы
Share on FacebookShare on Twitter

KAZINFORM — Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің мемлекеттік тіркеуінде тұрған ерекше экспонаттардың бірі — аты аңызға айналған «Чайка» автокөлігі. Көліктің алғашқы үлгісі музей қорына қалай өткені, тарихы туралы Kazinform тілшісіне музейдің экскурсиялық-көпшілік бөлімінің меңгерушісі Эльзира Нағашыбайқызы айтып берді.

Көліктің алғашқы үлгісі музей қорына қалай өткені, тарихы туралы Kazinform тілшісіне музейдің экскурсиялық-көпшілік бөлімінің меңгерушісі Эльзира Нағашыбайқызы айтып берді.

«Чайка» — 1959-1988 жылдар аралығында Ресейдегі ең ірі коммерциялық көлік өндіруші «Горький» автомобиль зауытынан шығарылған техникалық деңгейі жоғары өте танымал марка.

Ерекшелігі сонда, ол ешқашан сатылымда болмаған.

— 1985 жылдары Кеңес Одағында қайта құру кезеңі басталған тұста өңірді мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Әуелбеков басқарған болатын. Осы жылдары зауыттан шыққан небәрі 4 «Чайка» көлігінің біреуі біздің аймаққа бұйырды. Бұл көліктің келуіне еліміздің бірнеше өңірінде басшылық қызметте болған сол кездегі облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, 1989 жылдан тәуелсіздік алғанға дейін облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған Виталий Брынкин ықпал еткен, — деді Эльзира Нағашыбайқызы.

Көненің көзіндей дүние 2005 жылы сол кездегі облыс әкімі аппаратының басшысы Ғайнулла Жарқынбаевтың тапсырмасымен әкімдіктің теңгерімінен шығарылып, тарихи-өлкетану музейіне сыйға тартылған.

— Небір шетелдік брендті шаң қаптыратын, техникалық сапасы мен қуаты жоғары «Чайканы» Брынкиннің тапсырмасымен бұрын облыс басшысының көлік жүргізушісі болған Бауыржан Оспанов әкелген екен. Оны Мәскеу қаласынан генерал Максимов қарсы алып, «Внуково» әуежайынан көлікті үлкен әскери ұшаққа тиеп, өздерін басқа ұшаққа отырғызып, Байқоңыр қаласына аттандырады. Елге келген соң Байқоңыр қаласынан Қызылордаға жеткізеді. Қазақстан, оның ішінде Қызылордаға бұйырған бағасы құнды темір тұлпарды сол кездегі басшылар да көздің қарашығындай сақтаған, — деді музей қызметкері.

2021 жылы «Музейге сый» акциясы өтіп, «Чайканың» ең алғашқы жүргізушісі отыз бес жылдан кейін көлік руліне қайта отырды.

Previous Post

Түркістан облысы тұрғындарын сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытында 220 нысанның құрылысы жүргізілуде

Next Post

Кентауда «Бейбітшілік және келісім» жобасы іске асырылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz