gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Ұлттық рух – басты құндылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

12 ноября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда «Ұлттық рух – басты құндылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістанда азаматтардың отансүйгіштік сезімін нығайту, қоғамдағы бірлік пен ұлттық рухты көтеру мақсатында «Ұлттық рух – басты құндылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Игі шараны облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Серпіліс» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Аталған жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, қоғамның рухани дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.
– Бүгін біз ел тағдырына, рухани болмысымызға тікелей әсер ететін маңызды тақырып – ұлттық рух пен құндылықтар туралы ой бөлісуге жиналдық. Жиынға «Ұлттық рух – басты құндылық» кітабына енген, облысымызда айрықша еңбегімен танылған азаматтарымыз қатысып отыр. Рухы биік ұлт ешқашан еңсесін түсірмейді, сындарлы кезеңдерде де өз жолынан таймайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында ұлттық бірегейлікті сақтау мен мәдени мұраны жаңғыртудың маңыздылығын үнемі атап өтеді. Бұл – халқымыздың рухани өзегін нығайтып, жаңа дәуірде ұлт ретінде кемелдену жолындағы нақты бағдар. Біздің ортақ міндетіміз – ата-бабадан қалған асыл мұраны сақтап қана қоймай, оны заман талабына сай жаңғыртып, келер ұрпақтың бойына сіңіру, – деді Ертай Кенжебекұлы.
Іс-шара аясында «Ұлттық рух – бастық құндылық» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Мазмұнды жиын барысында Созақ ауданының Құрметті азаматы Бүркіт Арынбеков пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қарашаңырақ идеясын насихаттаушы Мұстафа Сүлейменов сөз сөйлеп, ұлттық құндылықтарды сақтау мен салт-дәстүрдің маңызына тоқталды.
Сондай-ақ «Farab» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова «Ұлттық рух – қазіргі заманғы қоғамдағы басты құндылық» тақырыбында, ал «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ғылыми қызметкері Ғани Назарбек «Отанға деген сүйіспеншілік: жеке тәжірибе және қоғам рөлі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. «Серпіліс» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бейсенкүл Нарымбетова жобаның маңыздылығына тоқталып, қорытынды сөз сөйледі.
Шара барысында қатысушылар ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, жас ұрпаққа рухани бағыт беру бойынша өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасты.
Previous Post

Әйелдер қанаты- әйелдер мәртебесін көтеру кілті

Next Post

Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясында сәулет және қала құрылысы басқармасының есебі тыңдалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz